Қонақүй қызметкерлері Джей Лоның райдері туралы айтты

от adminPMG
Опубликовано: 19 августа 2025, 16:42

Instagram: @jlo

Алматыдағы Дженнифер Лопестің концерті өтіп кеткенімен, ол туралы әлі де желіде қызу талқылануда. Әншінің өз командасымен бірге Swissotel Wellness Resort Alatau Almaty қонақүйінде орналасқаны белгілі болды.

Қонақүй қызметкері Назым Байғожа Instagram парақшасында Дженнифер Лопес пен оның командасын қалай қарсы алғандарын айтып берді.

«Ол осы қонақүйді таңдағаны расталған сәтте, біз президенттік люксті жедел жөндеуге кірістік. Райдерінде ол тек жатын бөлме мен жуынатын бөлме сұрады, ал жаңалықтарда жазылғандай джакузи мүлде болмаған. Айта кетсем, райдері өте қарапайым еді — мысалы, боянуға қажет айна сияқты базалық заттар ғана болды»,

деді ол.

Люкс бөлме премиум гүлдермен безендірілді. Халаттар, сүлгілер мен жұмсақ тәпішкелердің барлығы алтын жіппен тігілген JLO жазуымен сәнделген. Ауа жасминнің хош иісіне толы болды. Қонақүй тарапынан қазақтың дәстүрлі тәттілерінен, торт пен микрофон пішініндегі шоколадтан тұратын сыйлық әзірленді. Әнші келген күні аспанға 100 дрон ұшырылды.

Джей Лоның командасы 80 адамнан тұрды: вокалистер, техникалық қызметкерлер, бишілер, күзетшілер, ассистенттер. Олар әншінің өзінен бұрын келген.

«Оның келу күні бірнеше рет өзгерді, біз ұзақ күттік. Ол жеке ұшағына отырып, бірден Лондонға кетіп қалды. Әрине, Лопес келген күндері қонақүй бағасы «ұшағының бір қанатындай» қымбаттаса да, бөлмелер толық сатылып кетті. Қала әкімдігі арнайы патруль бөлді. Біз де қауіпсіздікті күшейттік. Жанкүйерлермен уақытында келісіп отырдық. Барлығы тыныш өтті. Жұлдызымыз концертке бірер сағат қалғанда оралып, тікелей ұшақтан түсіп сахнаға дайындыққа кетті»,

деп бөлісті Байғожа.

Концерттен кейін Лопес қонақүй мейрамханасында кешкі ас ішіп, таңғы сағат 7-де қайта ұшып кеткен.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше