Динара Бақтыбаева
Фото: eleukenovvv Instagram: dika_strai

Қазақстандық актриса Динара Бақтыбаева, «Қара, қара адам», «Құдалар», «Каникулы offline 2» фильмдерінің жұлдызы Instagram желісінде балалық шағы және актрисалық мансабы туралы айтып берді.

«Менің атым Динара және мен инженерлік білімі бар актрисамын. Менің дебютім «Он и она» фильмінде болды және бірден басты рөлді сомдадым! Сіз оны көрдіңіз бе? Есіңізде ме?» — деп жазды актриса инста парақшасында. Динара Атыраудың қарапайым қызы екенін атап өтті. 

«Мен Атырау қаласында анаммен бірге бір бөлмелі пәтерде тұрдым. 3 жасымда ата-анам ажырасып кетті. Шығармашылық импульстар әрқашан менің ішімде болды, бірақ анамның мені үйірмелерге апаруға уақыты болмады. Мен өзімді көрсетудің жолдарын табуға дағдыландым»,

деді ол.

Жас Динара мектеп қойылымдарына қатысып, достарымен телефонға фильмдер түсірді. Алайда, Динара театр институтына түспей, байланыс инженері мамандығын игерді. «Біз достарымызбен бірге барған бір жастар көрмесінде мені ер адам байқап қалып, былай деді: «Сен біздің фильмдегі басты рөлге келіп тұрсың, кастингке кел», — деп жалғастырды ол әңгімесін. 

Кастинг бір айға созылды. Қиын тапсырмалар болды және Динара «Он и она» фильміне басты рөлге бекітілді. «Мен ол кезде университетте оқитынмын, осы фильмді көргеннен кейін сізге ғашық болдым және фильмдегі кейіпкеріңіз сияқты болуға тырыстым», «Иә, бұл фильм есімде, ол жерде дебют екені білінбейді», «Әдемі қыз», — деп жазды оқырмандары.


Фото: Instagram

Поделиться: