Қазақстандық режиссер-дебютант Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі Сан-Себастьян (Испания) 71-ші Халықаралық кинофестивалінің «Жаңа режиссерлер» конкурстық бағдарламасына енді.
Фильм ежелгі қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың тарихын баяндайды. Ол өмірден кеткеннен кейін, ата-анасына оралып, жаңа ортада бөтен адамдармен қарым-қатынас орнатуы керек.
Фильмнің сценарийін Асхат Кучинчиреков жазған. Оның айтуынша, бұл туынды қазақ халқының салт-дәстүрлеріне құрмет.
«Бұл өте жеке оқиға. Мен өзім әжеммен бірге өстім, ол мені тәрбиеледі. Бірақ мұнда бастысы-ата-аналармен қарым-қатынас. Әжелерде өскен барлық балалар ешқашан ата-аналарын «әке» және «ана» деп атамайды. Неліктен бұлай болады? Балалар оларды тастап кеткеніне өкпелі болады. Фильмнің драматургиясы — бұрыңғы отбасын жоғалтқаннан кейін кейіпкер түбі жаңасын таба алады»,
дейді режиссер.
Сергей Дворцевойдың «Қызғалдақ» фильміндегі басты рөлімен танымал Асхат Кучинчиреков өзінің дебюттік фильмінде үш жыл жұмыс істеді. Түсірілім Алматы облысындағы Құйған және Тұйық ауылдарының табиғи нысандарында өтті. Қоюшы-оператор Жанарбек Елеубек болды. Басты рөлді жас актер Ерсұлтан Ержанов сомдады. Фильм ұлттық киноны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталықтың көмегімен түсірілген.
Кинофестиваль туралы
Сан-Себастьян халықаралық кинофестивалі «А» класындағы ең көне кинофестивальдердің бірі болып табылады және Еуропадағы Канн, Берлин және Венециядан кейінгі төртінші орын болып саналады. Фестиваль бүкіл әлем бойынша керемет таланттарды іздеумен және жыл сайын жаңа есімдерді іздеумен танымал. Іс-шара ағымдағы жылдың 22-30 қыркүйегі аралығында өтеді. Негізгі марапаттар – «Алтын» және «Күміс». Олар үздік режиссерлерге, сондай-ақ фильмдердің басты және қосалқы рөлдерін орындаушыларға беріледі.
Фото: Kazakh Cinema
Ақпарат көзі: The Village Kazakhstan