2025 жылдың күзіне сыдырмасы бар жемпір міндетті түрде қажет, не себепті?

Сәнді түрлері мен түстері жайлы айтып береміз.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 01 октября 2025, 13:55
2025 жылдың күзіне сыдырмасы бар жемпір
Instagram: @sofiamcoelho

Биылғы маусымда дизайнерлер жайлылық, функционалдық және сәнді үйлестіретін киімге назар аударуды ұсынады. Әңгіме, әрине, сыдырмасы бар худи жайлы.

Max Mara мен Sandy Liang сынды сән үйлерінің көрсетілімдерінде бұл киімнің қайта оралғанын байқадық. Оның құпиясы неде? Өте қарапайым: сыдырмасы бар жемпір жылы күз күндері сырт киім ретінде де, салқын мезгілде көпқабатты образдың негізгі бөлігі ретінде де қолданылады. Оны пәлтенің не күртешенің ішінен оңай кие салуға болады. Ендеше, назар аударуға тұрарлық ең өзекті түрлері мен түстеріне тоқталайық.

2025 жылдың күзіне сыдырмасы бар жемпір міндетті түрде қажет, не себепті?
Instagram: @clairerose

Сыдырмасы бар худи бұрын тек спорттық белсенділіктерге немесе табиғат аясында демалуға арналған трикотаж киім болып көрінетін. Қазір бұл практикалық элементтің сан түрлі нұсқасы бар. Классиканы ұнататындар үшін ең қолайлысы – трикотаж немесе жүннен жасалған жемпірлер. Олар көбіне тік немесе аздап еркін пішінде болады, бірақ тым кең емес. Ұзындығы да дәл трендке сай – жамбасқа дейін. Жеңдерінің ұзын болуы – басты шарт. Мұндай үлгі сымбатты көрінеді, әрі офисте де, серуенге шыққанда да еркін үйлеседі: жейдемен де, лонгсливпен де жараса кетеді.

Ыңғайлылықты бағалайтындар мен casual немесе спортшикті жақсы көретіндерге аутдор стиліндегі нұсқалар ұнайды. Мұндай сыдырмасы бар худи, әдетте, кең немесе түзу болып келеді, бірақ денеге жабысып тұрмайды. Ұзындығы да шамамен жамбасқа дейін, ал етегінде резеңке немесе бауы болуы мүмкін.

90-жылдар мен Y2K эстетикасынан шабыт алған қысқа, белге қонымды модельдер де бар. Бірақ олар әмбебап емес, сондықтан стилизациялау қиынырақ. Мұндай сыдырмасы бар киімді міндетті түрде белі биік шалбарлармен үйлестірген жөн, сонда ғана сымбатты пропорция сақталады. Ерекше мән берілетін тағы бір бөлшегі – жағасы. Биылғы ең өзектісі – тік тұратын және кең ашылатын жағалар: олар мойынды визуалды түрде ұзартып, желден қорғайды.

2025 жылдың күзіне сыдырмасы бар жемпір міндетті түрде қажет, не себепті?
Instagram: @hannaschonberg

Матасына келсек, трикотаж бен жүн жемпірлер үшін меринос, кашемир және эластан қосылған аралас маталар сұранысқа ие. Биыл біркелкі тегіс трикотажбен қатар ірі тоқымалар да сәнде. Ал күнделікті спорттық үлгілерге мақта мен футер қолайлы – ауа өткізгіш әрі тозбайды. Ауа райы қолайсыз күндерге арналған маталар да бар: нейлон, қалыңдатылған мембраналы тафта және софтшелл. Бұлар жел мен жауын-шашыннан сенімді қорғайды.

2025 жылдың күзіне сыдырмасы бар жемпір міндетті түрде қажет, не себепті?
Instagram: @sofiamcoelho

Түстердің ішінде қашан да өзекті бейтарап палитра алда тұр: қара, графит, сұр, беж, шоколад және карамель – кез келген образға үйлеседі. Ал батыл жандар үшін қызыл бұрыш, қою көк, ашық көк, жасыл, сарғыш не лимон түстері бар. Аутдор стиліндегі үлгілерге анималистік немесе колор-блок принттері жарасады. Жүннен жасалған нұсқаларды біртүсті немесе скандинав оюлы түрлерін таңдаған дұрыс.


Фото: Instagram

Дереккөз: Grazia

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше