Рейтинг жастардың өмір сүруіне, жұмыс істеуіне, демалуына және бос уақытын өткізуіне ең қолайлы қалаларды анықтауға бағытталған.
Неліктен Токио көш бастады?
Рейтингтің бірінші орнына Жапония астанасы Токио жайғасты. Зерттеу авторларының айтуынша, қала Z буыны ерекше бағалайтын бірнеше маңызды артықшылықты біріктіреді. Атап айтқанда, жаяу жүруге қолайлы инфрақұрылым, дамыған қоғамдық көлік, бай мәдени орта және бос уақытты тиімді өткізуге арналған сан алуан мүмкіндік бар.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, Токиода тұратын 30 жасқа дейінгі қатысушылардың 100 пайызы күнделікті өмірінен ләззат алатынын айтқан.
Рейтингке енген үздік қалалар
Екінші орын Портуға бұйырды. Жастар бұл қаланы тұрғындар арасындағы ауызбіршілік пен өмір сүру құнының салыстырмалы түрде қолжетімділігі үшін жоғары бағалаған. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың барлығы Портуды өте көркем қала деп атаған.
Үздік үштікті Мельбурн түйіндеді. Қатысушылар қаладағы гастрономияны ең жоғары бағаласа, мәдени өмірі де жоғары ұпай жинаған.
Рейтингтің алғашқы ондығына сондай-ақ мына қалалар енді:
- Эдинбург
- Шанхай
- Нью-Йорк
- Копенгаген
- Берлин
- Валенсия
- Бангкок
Екінші ондыққа енген қалалар
11–20-орындарды мына қалалар иеленді:
- Неаполь
- Кейптаун
- Краков
- Сеул
- Париж
- Афины
- Мехико
- Рио-де-Жанейро
- Ванкувер
- Вена
Z буыны үшін қаланың тартымдылығын не айқындайды?
Зерттеу авторларының пікірінше, қазіргі жастар үшін қаланың тартымдылығы тек көрікті жерлерімен, мейрамханаларымен немесе түнгі өмірімен өлшенбейді.
Рейтингті жасау кезінде өмір сүру құны, қоғамдық көліктің қолжетімділігі, жаяу немесе велосипедпен қатынаудың ыңғайлылығы, саябақтар мен жасыл аймақтардың болуы, қауіпсіздік, мәдени ортаға қолжетімділік, сондай-ақ жаңа адамдармен танысып, қалалық қауымдастықтың бір бөлшегі ретінде сезіну мүмкіндігі ескерілген.
Сондықтан рейтингте әлемдік мегаполистермен қатар Порту, Валенсия және Неаполь секілді салыстырмалы түрде шағын қалалар да орын алған. Зерттеу авторларының айтуынша, дәл осындай факторлар бүгінгі жастардың күнделікті өмір сапасын айқындайтын басты көрсеткіштердің біріне айналған.
Фото: Pexels
Дереккөз: Timeout.com