2026 жылдың жазының ең сәнді мини-белдемшелер қандай болады?

Жаз мезгілінде сәнқойлардың гардеробында міндетті түрде болуы тиіс үлгілер

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 15 июля 2026, 14:01
ең сәнді мини-белдемшелер
Instagram: @vorniiic

Тізеге дейінгі белдемшелер сән әлемінде өз орнын нықтап алғанымен, мини-белдемшелер өз танымалдылығын жоғалтқан жоқ. Керісінше, 2026 жылдың жазындағы басты трендтердің бірі болып қала береді. Олар жетекші сән үйлерінің жаңа топтамаларынан тұрақты орын алып, артынша стритстайл мен фэшн-инфлюенсерлердің образдарынан көрініс табуда.

Алайда сәнді көріну үшін белдемшенің ұзындығы ғана маңызды емес. Киімнің заманауи гардеробқа оңай үйлесуі әрі түрлі образбен жарасымды көрінуі үшін оның пішініне, принтіне және сәндік элементтеріне де назар аударған жөн. Ендеше, 2026 жылдың жазында ең сұранысқа ие мини-юбкаларға тоқталайық.

А-силуэтті мини-белдемше

Маусымның басты фавориті – А-силуэтті мини-юбка. Оның бел сызығы жоғары, орташа немесе төмен орналасқан болуы мүмкін. Пішінін жақсы сақтайтын қалың мақта, деним, зығыр, костюмдік мата, тафта және аралас маталардан тігілген үлгілер ерекше сәнді көрінеді.

Түс таңдауда шектеу жоқ. Сүт түстес, шоколад және қара секілді классикалық реңктермен қатар көгілдір-жасыл, жалбыз түсті және қызғылт сары сияқты жарқын трендтік түстер де сұранысқа ие.

Принттердің ішінде тор көз, жолақ, бұршақ, гүлді өрнектер, «дофамин» стиліндегі жарқын суреттер және жануарлар өрнегі көш бастап тұр. Ал сәндік безендіруге келсек, минималистік үлгілер, романтикалық стильдегі белдемшелер немесе Y2K эстетикасындағы әшекейлері мол модельдер ерекше танымал.

Пайеткамен көмкерілген мини-белдемше

2026 жылдың жазының ең сәнді мини-белдемшелер қандай болады?
Instagram: @vorniiic

Биылғы жаздың ең жарқын трендтерінің бірі – ірі пайеткамен толық көмкерілген мини-белдемшелер. Дәл осындай көлемді жарқыраған элементтер образға ерекше фактура мен сәнді әсер береді.

Пайеткалар дөңгелек, сопақ немесе қолдан жасалғандай еркін пішінде болуы мүмкін. Белдемшенің өзі көбіне қарапайым – тік немесе сәл кеңейген силуэтте тігіледі. Себебі басты назар матаның жылтыр бетіне аударылады.

Мұндай үлгілер тор мата, трикотаж, шифон немесе жұқа аралас маталардан дайындалады. Әмбебап түстер қатарында күміс, алтын түстес, сүт түстес, құм түсті, шоколад және қара реңктер бар.

Ерекше образды қалайтындар қанық қызғылт, көк, сары, кобальт түсті, сондай-ақ сәндегі шартрез немесе Tiffany көгілдір реңкіндегі модельдерді таңдай алады. Пастель түстері де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Жануарлар өрнегі бар мини-белдемше

2026 жылдың жазының ең сәнді мини-белдемшелер қандай болады?
Instagram:@malintomkins

Анималистік принттер ультрақысқа тік модельдерден бастап ішкиім стиліндегі белдемшелерге дейін кеңінен қолданылып келеді.

Биыл бір ғана өрнекпен шектелудің қажеті жоқ. Ең сәнді шешімдердің бірі – бірнеше жануардың өрнегін бір модельде үйлестіру. Мысалы, леопард өрнегі зебра жолақтарымен немесе жылан қабыршағы жолбарыс не сиыр дақтарымен қатар қолданылуы мүмкін.

Мұндай белдемшелер атлас, мақта, деним, былғары, вискоза, жұқа зығыр және басқа да түрлі материалдардан тігіледі. Таңдау тек өзіңіздің жайлылығыңызға байланысты.

Түс палитрасы да алуан түрлі. Табиғи жануар түсін қайталайтын классикалық нұсқалармен қатар қызанақ қызылы, күлгін немесе лимон түсті жарқын интерпретациялар да сұранысқа ие.

Бүрмелі мини-белдемше

2026 жылдың жазының ең сәнді мини-белдемшелер қандай болады?
Instagram: @josefienweyns

Бохо эстетикасы мен романтикалық стильден шабыт алған бүрмелі мини-юбкалар биылғы жаздың ең танымал үлгілерінің біріне айналды.

Әсіресе бірнеше қабатты желбіршегі бар, асимметриялы етекті және жұмсақ бүрмелері жүргенде әдемі қозғалыс беретін модельдер сәнде. Ұзындығы өте қысқа да, санның ортасына дейін жететін де болуы мүмкін.

Ең сұранысқа ие нұсқалар – 2000-жылдар стиліндегі төмен белді модельдер, кең белдік бөлікті немесе серпімді белдігі бар белдемшелер.

Олар көбіне мақта, батист, вискоза, шифон, жеңіл зығыр, сондай-ақ төгілмелі атлас, сатин немесе жібектен тігіледі.

Түс таңдауда еркіндік бар. Дегенмен нәзік қызғылт, жалбыз түсті, ашық көк сияқты пастель реңктері немесе сүт түстес, крем және шоколад түстері ерекше сәнді көрінеді.

Ішкиім стиліндегі мини-белдемше

2026 жылдың жазының ең сәнді мини-белдемшелер қандай болады?
Instagram: @manondevelder

Ішкиім эстетикасындағы мини-белдемше – осы маусымдағы ең әмбебап әрі ең трендтік модельдердің бірі. Оның үстіне мұндай үлгі күз бен қыста да өзектілігін жоғалтпайды.

Ең қолайлы ұзындық – санның ортасына дейін немесе одан сәл төмен. Ал өте қысқа модельдер биыл аса танымал емес.

Жіңішке белдігі бар үлгілер ерекше заманауи көрінеді. Бел сызығы жоғары да, орташа да, төмен де болуы мүмкін.

Материал ретінде жібек, атлас, сатин, вискоза, тенсель және нәзік жылтыры бар басқа да төгілмелі маталар пайдаланылады.

Түстердің басым бөлігі пастель немесе классикалық реңктерден тұрады. Атап айтқанда, сүт түстес, крем, беж, шоколад, сұр, ұнтақ қызғылт, мұздай көк, пісте жасылы және ашық сары түстер өзекті.

Бұл стильдегі басты ерекшелік – шілтер. Етек бойына салынған жіңішке немесе кең шілтер белдемшеге ерекше сән береді. Кейбір модельдерде желбіршек, бүрме немесе тіліктер қолданылып, силуэтті одан әрі әсерлі етеді.


Фото: Instagram

Дереккөз: Grazia

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше