Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Кристина Шумекова жарыстың алғашқы күнінен-ақ ерекше көзге түсті. Ол 1000 метр және 3000 метр қашықтықтарда үздік нәтиже көрсетіп, бірден екі алтын медаль жеңіп алды. Кристина аталған екі дистанцияда да қарсыластарын сенімді түрде артта қалдырды.
30 қараша күні отандасымыз Кристина Шумекова өзінің үшінші алтын медалін жеңіп алды. Бұл жолы ол 1500 метр қашықтықта 1:57,84 нәтижемен үздік шықты.
Күміс медаль жапониялық Аяно Секігучиге бұйырды. Үшінші орынды Қытай спортшысы Цзяминь Цзян иеленді.
Фото: Instagram