Қазақстандық фильм Исландияда екі марапатқа ие болды

Режиссер Ақтолғай Рахматулланың «Шоқ» атты қазақстандық драмасы Исландияның Исофьордюр қаласында өткен The Pigeon International Film Festival халықаралық кинофестивалінде бірден екі марапатқа ие болды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 23 октября 2025, 15:47
«Шоқ»
Pexels: Donald Tong

Қазылар алқасы Айгерім Шәріпбекті «Ең үздік екінші пландағы рөл» номинациясында марапаттаса, Ақтолғай Рахматуллаға «Үздік режиссерлік дебют» жүлдесін табыс етті.

Фильмде Ақан есімді дарынды музыкант баланың оқиғасы баяндалады. Әкесінің қайғылы қазасынан кейін оның өмірі түбегейлі өзгереді. Анасы күйеуінің тағдырын қайталаудан қорқып, ұлына домбыра тартуға және мектепке баруға тыйым салады. Негізгі арманы мен дарынынан айырылған Ақан ауыр да күрделі есею жолынан өтіп, қорқыныш пен ішкі шектеулерін жеңіп, қайтадан музыкаға оралады.

Картинаның көрсетілімдері Исофьордюр қаласындағы кинотеатрларда және Судавик мәдениет орталығында өтті. Көрермендер мен кинокритиктер фильмді жылы қабылдады.


Фото: Pexels

Дереккөз: Kursiv.media

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше