Қамзол төңірегіндегі дау: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға ай сайын 1 млн теңге төлемек

Продюсер Баян Алагөзова аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильміндегі қамзол төңірегіндегі дауға қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Ол өз сөзінде актриса Меруерт Өтекешоваға арнайы үндеу жолдады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 29 апреля 2026, 12:31
Баян Алагөзова Меруерт Өтекешева
Instagram: @bayanmaxatkyzy

Баян Алагөзова Instagram парақшасында аталған қамзолды киіп түскен кезекті видеосын жариялады. Продюсер жәдігердің қазірше өз иелігінде екенін, бірақ болашақта оны музейге өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

«Бұл мәселе бірнеше күннен бері талқыланып жатыр. Қазір қамзол менде, жеті құлыптың ар жағында сақтаулы. Оны маған ұзақ жылдар бойы көздің қарашығындай сақтаған әйел сыйлаған. Камзолдың тағдырын халық пен тиісті органдар шешеді. Әзірге ол менде. Әрине, ерте ме, кеш пе, бұл ұлттық құндылықты музейге тапсырамын», –

деді продюсер.

Сонымен қатар, Алагөзова фильмде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешеваға арнайы үндеу жасады. Ол актрисаға алғыс белгісі ретінде тон сыйлап, өмір бойы ай сайын 1 млн теңге көлемінде «ризашылық төлемін» жасап тұратынын мәлімдеді.

«Сізге алғысымның белгісі ретінде өмір бойы ай сайын 1 млн теңге көлемінде ризашылық төлемін тағайындағым келеді», –

деді Алагөзова.

Биыл сәуір айында Баян Алагөзова өзіне «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған қамзол сыйға тартылғанын айтып, оны ерекше қастерлеп сақтайтынын жеткізген еді.

«Бұл жай ғана киім емес, мен оны өмірімнің соңына дейін сақтаймын. Себебі бұл – 50 жылдық тарихы бар, Меруерт Өтекешеваның «Қыз Жібек» фильмінде киген түпнұсқа камзолы. Ол Гүлфайрус Ысмайылованың қолынан шыққан. Мұның бәрі маған бұйырғанына өте қуаныштымын. Тіпті Меруерт Өтекешевамен өлшеміміз де бірдей екен», –

деген болатын продюсер.

Кейін Алагөзованың бұл жазбасына Мәдениет және ақпарат министрлігі пікір білдіріп, «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған түпнұсқа камзолдардың бірі «Қазақфильм» киностудиясының музей қорында сақтаулы екенін және ұлттық кино мұрасы ретінде қорғалатынын мәлімдеді.

«Продюсер жариялаған екінші камзолдың жеке қолда қалай пайда болғаны қазіргі уақытта анықталып жатыр», –

делінген ведомство хабарламасында.

Өз кезегінде Алагөзова қамзолдың жарты ғасырға жуық уақыт бойы ешкімге қажет болмағанын, ал өзі иеленгеннен кейін бірден үлкен талқыға түскенін айтты.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше