Жанабыловтар ұйымдастырған ұтысқа қатысты дау туды

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі Instagram желісінде блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова өткізген байқауды тексеру басталғанын хабарлады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 25 августа 2025, 13:53
Жанабыловтар
Instagram: @elt6i/@zhanabylov_e

Комитетке бір азаматтан шағым түсіп, ұтыс «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңға сәйкес келе ме, жоқ па деген сұрақ көтерілді. Осыған байланысты Ерболат Жанабыловқа ресми хабарлама жолданып, түсініктеме беру талап етілді. Кейін түсініктеменің негізінде әкімшілік іс қозғау-қозғамау мәселесі шешіледі.

Егер блогер жауап бермесе, комитет бұл мәселені сырттай қарайды. Заң бұзушылық анықталған жағдайда, олар ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Айыппұл мөлшері:

  • жеке тұлғаларға — 100 АЕК (393 200 теңге);
  • шағын бизнеске — 300 АЕК (1 179 600 теңге);
  • орта бизнеске — 500 АЕК (1 966 000 теңге);
  • ірі бизнеске — 1000 АЕК (3 932 000 теңге).

Министрлік заңға сәйкес, лотерея билеттерін өткізу және ұтыс ойындарын ұйымдастыру құқығы тек ресми лотерея операторлары мен агенттеріне берілгенін еске салды.

«Азаматтарды әлеуметтік желілерде ресми лотерея ұйымдастырушылары болып табылмайтын тұлғалар өткізетін күмәнді ұтыс ойындарына, «гивтерге» және өзге де іс-шараларға қатыспай, қырағылық танытуға шақырамыз. Бұл қаржылық шығынға ұшыраудан және алаяқтықтың құрбаны болудан сақтайды»,

делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, 19 тамызда блогерлер Instagram парақшаларында 11 автокөлік ұтысын жариялады. Шарты қарапайым болып көрінді — репост жасау жеткілікті еді. Алайда 21 тамызда күтілген тікелей эфирдің орнына оқырмандарға Zhana Business атты ақылы курстың (құны — 30 мың теңге) сілтемесі көрсетілді. Ұтысқа қатысу тек осы курсты сатып алғандарға ғана рұқсат екені белгілі болды.

Желі қолданушылары құқық қорғау органдарына бұндай әрекеттің заңдылығын тексеруді сұрап арызданды.  Блогерлер осындай ұтыстан салық төлей ме, көліктер ойнатыла ма, ақшаны қайтару, оларға тыйым салуға бола ма, деген сұрақтар туды.

Қаржылық мониторинг агенттігі бұл материалдарды басқа мемлекеттік органдарға жолдады.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше