Шрекинг: неге біз ханзадалардан бас тартып, «қарапайым» жігіттерді таңдаймыз?

Атауы Шрекке байланысты болғанымен, бұл тренд танымал мультфильмдегі мейірімді жасыл алыптың оқиғасындай сүйкімді емес.

от Арайлым Ақан
17 сентября 2026
шрекинг
Фото: Columbia Pictures

Зумерлердің қарым-қатынас әлемінде жаңа бір термин пайда болды — «шрекинг». Батыс әлеуметтік желілерінде танымал бола бастаған бұл ұғым жұп таңдауға қатысты ерекше стратегияны білдіреді. Алайда психологтар оның артында романтикадан гөрі қауіпті иллюзия жатуы мүмкін екенін ескертеді.

Шрекинг» деген не?

Шрекинг: неге біз ханзадалардан бас тартып, «қарапайым» жігіттерді таңдаймыз?
Фото: DreamWorks Animation

«Шрекинг» (shreking) — өзіңнен тартымдылығы төмен деп санайтын адамды әдейі серіктес ретінде таңдап, одан көбірек қамқорлық, адалдық пен мейірім күтуді білдіретін қарым-қатынас стратегиясы.

Логикасы қарапайым: «Ол мен сияқты әдемі емес, сондықтан мені бағалайды, мен үшін көбірек тырысады және ешқашан кетпейді».

Терминнің атауы, әрине, Шрекке байланысты. Мультфильмде сыртқы келбет пен қоғамдағы статусына қарамастан, Шрек пен Фиона бір-бірінен шынайы махаббат табады. Екеуі де сыртқы бейненің адамның қандай екенінің айқын көрсеткіші еместігін түсінеді.

Әлеуметтік желілердегі «шрекинг» ұғымы бұл жағдайды сәл басқаша түсіндіреді. Мұнда мәселе «сыртқы келбет маңызды емес» дегенде емес. Керісінше, адам өзінен тартымдылығы төмен деп санайтын серіктесті әдейі таңдайды. Себебі ол серіктесі өзін көбірек бағалап, қарым-қатынасты сақтау үшін барынша тырысады деп ойлайды.

Бастапқыда бұл термин әйелдердің өздеріне қарағанда тартымдылығы төмен ер адамдармен қарым-қатынас құрып, есесіне өздерін ханшайымдай күтеді деп ойлауын сипаттаған. Кейін бұл ұғым жынысқа қарамастан, өзінен қандай да бір сипат бойынша «төмен» деп санайтын адамды әдейі таңдайтын кез келген адамға қатысты қолданыла бастады. Бұл тек сыртқы келбет емес, әлеуметтік статус, интеллект немесе танымалдық болуы мүмкін.

Неге бұл идея соншалықты танымал болды?

Шрекинг: неге біз ханзадалардан бас тартып, «қарапайым» жігіттерді таңдаймыз?
Фото: Tatira Active Film

«Шрекингтің» артында түсінікті бір шаршау бар. Заманауи дейтингте адамдар серіктесті көбіне сыртқы келбетіне, статусына, әлеуметтік желідегі образына қарап бағалайды. Ал мұндай қарым-қатынастар сәтсіз аяқталған сайын, кейбір адамдар керісінше стратегияны сынап көргісі келеді.

Яғни: «Мүмкін, мінсіз көрінбейтін, бірақ мені шын бағалайтын адамды таңдаған дұрыс шығар?»

Мәселе — адамның сыртқы келбеті оның мінезіне кепілдік бермейді.

Тартымдылығы төмен деп саналған адам автоматты түрде мейірімді, адал немесе қамқор болып кетпейді. Дәл сол сияқты әдемі адам да міндетті түрде өзімшіл немесе сенімсіз емес.

Шрекинг пен талғамның айырмашылығы бар

Әр адамның талғамы әртүрлі, сондықтан сырт келбетке қатысты «кім әдемі, кім әдемі емес» деген нақты өлшем жоқ. Біреуге тартымды көрінген адам басқа біреуге мүлде ұнамауы мүмкін.

Сондықтан өзіңнен сыртқы келбеті жағынан өзгеше адамды ұнату — қалыпты нәрсе. Мәселе серіктесті әдейі «менен төмен» деп таңдап, осы айырмашылықты қарым-қатынаста артықшылық ретінде пайдалануда.

«Мен әдемірекпін, сондықтан маған көңіл бөлінуі керек»

«Шрекингтің» ең даулы тұсы да осында. Егер қарым-қатынас «мен саған мүмкіндік бердім» деген позициядан басталса, теңдік туралы айту қиын.

Серіктесіңнің сені бағалауы үшін оның өзінен «нашар» көрінуі міндетті емес. Сау қарым-қатынаста адамның құндылығы сыртқы келбетпен немесе кімнің «көбірек ұтқанымен» өлшенбейді.

Бұл ойдың қауіпті жері — қарым-қатынасты махаббат емес, айырбас сияқты қабылдау. Яғни: «Мен сені таңдадым, сондықтан сен маған адал болып, мен үшін бәрін жасауың керек».

Шрекингтің ең қауіпті тұсы — өзіңді «сыйлық» санау

Шрекинг: неге біз ханзадалардан бас тартып, «қарапайым» жігіттерді таңдаймыз?
Фото: CBS Films

Өзіңе сенімді болу — жақсы қасиет. Бірақ өзіңді серіктесіңнен жоғары қою — мүлде басқа нәрсе.

Шрек пен Фионаның хикаясы да осыны жақсы көрсетеді. Шрек — сыртқы келбетіне байланысты қоғамнан шеттетілген жасыл алып. Бірақ Фиона оны сыртқы бейнесі үшін емес, қандай адам екені үшін жақсы көреді.

Сондықтан «шрекингтің» басты мәселесі — серіктестің жұбыңның келбеті емес. Мәселе — қарым-қатынасты тең адамдардың байланысы емес, «кім кімнен жақсы?» деген жарыс ретінде қабылдауында.


Фото: DreamWorks Animation, CBS Films, Tatira Active Film, Columbia Pictures

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше