Қазақстанда Димаш Құдайбергеннің шоуының түсірілімі басталды

Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін халықаралық музыкалық шоу Voice Beyond Horizon түсірілімі Түркістан облысында басталды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 12 сентября 2025, 11:53
Димаш Құдайберген шоу
Instagram: @kudaibergenov.dimash

Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Италия, Малайзия және Сербиядан келген музыкалық жобаға қатысушылар Түркістан қаласына пойызбен жетті. Бұл жайлы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түсірілім барысында шоу қатысушылары бірқатар ірі туристік және мәдени нысандарға бармақ:

  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі;
  • Отырар қалашығы;
  • Karavansaray туристік кешені;
  • этноаул.

Байқау қатысушыларының кәсіби деңгейін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды.

«Түркістандағы түсірілім аяқталған соң жоба шығармашылық сапарын еліміздің басқа өңірлерінде жалғастырады. Халықаралық шоу Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында өтеді»,

– делінген хабарламада.

Шоудың финалы Қазақстан астанасында өтеді.

Айта кетсек, Voice Beyond Horizon жобасы Димаш Құдайбергеннің бастамасымен Қытайдың Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Бұл арна мен оның Mango TV цифрлық платформасын тәулігіне 210 миллионнан астам көрермен қарайды. Осы арқылы әлемдік аудитория Қазақстанның туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндік алады.


Фото: Instagram

Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше