«Өзіңе сен»: ELLE Kazakhstan журналының жаңа саны жарық көрді
Бас редактордың хаты.
Өзгеріс дәуренінде өмір сүру оңай емес. Ал егер ол өзгерістер ауқымды болып, үздіксіз қайталанып тұрса, «оңай емес» оп-оңай «шыдамыңды тауысады» деңгейіне айналады. Дүниетанымымыздың қаңқасы сықырлап, шаншып тұрғандай, сол сәтте шұғыл істерді ысырып, аяғыңның астынан нық тірек іздеп, тоқтап қалғың келеді.
Міне, сондай сәтте сұрақ туады: неге сүйенеміз?
Біздің жаңа шығарылымымыздың кейіпкер әйелдерінде бұған бірмәнді әрі жүз пайыз тиімді жауап бар: өзіне деген сенім. Ержүрек те харизмасы жоғары Ян Гэ сұхбатында былай деді: «2026 жылғы әйелдердің басты суперқуаты – сенім. Біз неге сенсек, ол ерте ме, кеш пе, шындыққа айналады».
Дана Ли,
ELLE Kazakhstan бас редакторы.
Ян Гэ үстінде — Tatyana Yan-ның қызғылт тренчі; Tatyana Yan-ның күміс көйлегі және La voie Nomade әшекейлері.
Фото: Temirlan Far @temirlanfar
Стиль: Cake Monster @cakemonst
Продюсер: Динмухаммед Керимов @kerimov199
Сұхбат: Дара Атжанова @daraatzhanova
Макияж: Olena Lishchenko @lena__mua