Әнші жанкүйерлеріне арнап түсірген сторисінде бұған дейін Қазақстанда болмағанын мойындады.
«Біз жоспарлаған жерімізге жеттік. 32 жыл ішінде бүкіл әлемді аралап шықтық деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ жоқ, бұл – Қазақстанға алғашқы сапарымыз. Біз мұнда келгенімізге қатты қуаныштымыз. Елді зерттеп, әдемі адамдармен кездесіп, екі керемет концерт өткізуді асыға күтіп отырмыз»,
— деді AJ.
Ол топтың алдағы концертіне ерекше дайындалып жүргенін айтып, ұмытылмас әсер сыйлауға уәде берді.
«Сіздердің шыдамдылық танытып, күткендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Біз бұл мүмкіндікті ешқашан жіберіп алмаушы едік, сондай қуаныштымыз. Өзімізді бақытты жандардай сезінеміз. Бізді қабылдағандарыңыз үшін рахмет. Сіздермен кездесуімізді асыға күтіп отырмыз – бұл шынымен ұмытылмас сапар болады»,
— деді Алекс.
Backstreet Boys тобы 19 қыркүйекте Алматыда концерт өткізуі тиіс. Топ мүшелері мегаполиске ұшып келгенде, әлеуметтік желіде жанкүйерлердің Ник Картер мен Эй Джей Маклинді қарсы алған сәтінен бейнежазбалар тарады.
Қазақстандық жанкүйерлер бірден сыйлық ұсынып, музыканттарға қазақтың ұлттық бас киімі – тақияны табыс етті. Әншілер оны қуана қабыл алды.
Фото: Instagram