Олардың отбасылық видеосы көпшіліктің көңілін елжіретті. Әншінің жанкүйерлері жылы пікірлерін қалдырып, отбасыға игі тілектерін жаудырды.
«Қатты уайымдаған едім, көріп қуанып қалдым», «Осы видеоны көп күткендер бар ма?», «Отбасыларыңда тек жақсылық болсын, тіл көзден сақтасын», «Бүгін тыныш ұйықтайтын болдық», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, 22 қыркүйек Жұлдыз бесінші рет ана атанғанын мәлімдеген еді. Олар қыздарына ерекше есім қойды.
«Рәбия Сұлтанды қырық күнге толтырып, салт пен дәстүрге сай, бар ырымын жасап, қырқынан шығарып алдық. Еркін, батыл, батыр, қайсар қыз болып өссе деген аналық тілегім бар»,
– деп жазды Жұлдыз өз парақшасында.
Фото: Instagram