Біз сүйікті фильмдер мен сериалдардан шабыт алып, тек шаш үлгісі мен макияж арқылы жасауға болатын ең сәнді, «cool girl» образдарын жинақтадық.
«Эйфорияның» үшінші маусымын асыға күтіп жүрген немесе Миа Готтың X фильміндегі кейіпкеріне әлі тәнті болсаң да, ерекше образ жасау үшін көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Хэллоуин – жаңа макияж тәсілдерін сынап көруге, шаш үлгісін өзгертуге және сүйікті кейіпкерлеріңе құрмет көрсетудің ең тамаша уақыты.
Төменде осы Хэллоуинде көпшіліктің назарын өзіне аударатын 10 ерекше образды ұсынамыз.
1. Максин Минкс – «X» фильмі
@ozmdrn pls im a starrrrr - maxine minx makeup for Halloween #pearl #maxineminx #halloween #halloweenmakeup #halloweenideas ♬ Please, I'm a Star - NicoLoki
Фильм жанкүйерлеріне бірден таныс бұл образды жасау оңай. Саған жалған сепкілдер, көк бояу, ашық қастарың және аздап «қан» іздері қажет. Джинс комбинезон немесе жолақты топ киіп алсаң, дайынсың — Хэллоуинде басты кейіпкер боласың.
2. Нина Сэйерс – «Қара аққу»
@daliagurrola Disfraz numero 3 🦢🖤 #halloweenmakeup #blackswan #halloween ♬ P.I.Tchaikovsky, Swan Lake (Swan Theme) - AllMusicGallery
Егер батыл және әсерлі образ іздесең, «Қара аққудағы» Нина бейнесін таңда. Аққу ханшайымының макияжы әрі әдемі, әрі сәл қорқынышты. Ақ түсті опа жағып, қара тень не лайнермен көз пішінін ұзарта түс.
3. Джой Ван – «Бәрі барлық жерде және бір уақытта»
@amitys.cameraroll This was such a process but totally worth it #everythingeverywhereallatonce #EEAAO #jobutupaki #joywang #jobutupakicosplay #jobutupakicostume #halloween2022 #halloweenmakeup ♬ original sound - r & m <3 ⸆⸉
«Бәрі барлық жерде және бір уақытта» фильмінде Хэллоуинге арналған ерекше, тіпті сәл абсурд макияж идеялары өте көп. Әсіресе Джойдың «бегель» тиліндегі образы – ең сәнді нұсқалардың бірі, себебі оның макияжында авангардтық элементтер бар. Бұл образды жасау үшін көз бен бет сүйегіне хайлайтер жағып, бетке інжу тастарды ретсіз етіп жабыстыр. Соңында өрілген шаш үлгісін жасап, дөңгелек пішінді шаш әшекейімен толықтырсаң, бейне дайын.
4. Уэнсдей Аддамс – «Уэнсдей»
@isabellrrose Wednesday 🖤 using @novabeauty liner in brown, lip liner in brown 02, and lipstick in Napa 🥀🪦 #Wednesday #WednesdayAddams #JennaOrtega #makeuptutorial #makeup ♬ original sound - Paul
Классикалық Хэллоуин кейіпкері. Дженна Ортеганың заманауи бейнесінен кейін Уэнсдей қайта сәнге айналды. Қос өрім мен қою көз бояуы — басты белгісі. Немесе оның танымал «тәж өрімінен» шабыт алып, оңай әрі әсерлі образ жасай аласың.
5. Джулс Вон – «Эйфория»
@donni.davy Taking it back to episode 1 of season 1 💙✨ #Euphoria #Jules #BTS #MUA ♬ New Girl - Labrinth
«Эйфория» сериалындағы бет бояулары – Хэллоуинге шабыт берудің ең жақсы көзі. Егер қорқынышты емес, нәзік әрі ерекше образ іздесең, Джулс стилін таңда. Шоудың визажисі Донни Дэви өз бренді Half Magic өнімдерімен Джулстың бірінші маусымдағы көк жылтыр көз макияжын жасауға кеңес береді.
6. Дженифер Чек – «Jennifer’s Body»
@petekalemdar Jennifer’s Body Makeup 🩸 FAKE BLOOD!
♬ original sound - Emilia Barth
Өзіңнің femme fatale қырыңды ашқың келсе, Дженифер бейнесін таңда. Ашық түсті опа жағып, көз айналасына жылы реңкті бояу қолдан. Соңында аздап «қан» дақтарын қоссаң, қорқынышты әрі тартымды образ дайын.
7. Присцилла Пресли – «Присцилла»
@bbydoll.gigi i loved the movie so much 🎀 #fyp #foryou #coquette #sofiacoppola #priscilla #elvis #makeup #hyperfeminine #foryourepage #makeupinspo ♬ Crying In The Chapel - Elvis Presley
София Кополланың «Присцилла» фильмі — нағыз винтаж сәнінің үлгісі. Егер сен Присцилла Преслидің стилінен шабыттанған образ жасағың келсе, айқын «мысықша» сызылған көз бояуын, томпақ ерінге арналған далап үйлесімін, қалың кірпік дайынды және шашыңа көлем бер. Гардеробыңдағы киімдер арқылы 70-жылдар рухын күшейт.
8. Кэрри Уайт – «Кэрри»
@makeupbysamanthaharvey ad Carrie white👸🏼🩸 she's the perfect mix of glam and gore!! Are you going glam, gore or more this year?! @maccosmetics Studio radiance Serum powered foundation Studio radiance 24hr luminous concealer Mineralize skin finish Unfiltered nudes palette Dazzle shadow liquid in the shade not afraid to sparkle Mac stack mascara Lip pencil in shades stripdown and soar Macximal sleek satin lipstick in shade myth Lipglass in shade dreamy Prep+prime fix+ matte #machalloween #maccosmetics #halloween #halloweenmakeup #halloween2024 #carrie #carriewhite #promqueen ♬ dancing while the world burns - adore
Хэллоуинге арналған ең танымал әрі ұтымды образдардың бірі – Кэрри. Бұл кейіпкер қорқынышты атмосфераны сақтай отырып, нәзік бейнені де көрсете алады. Бет бояуы үшін кешкі салтанатты стильді таңда: көзге smokey eyes бояуы, аздап қызарған бет және нәзік қызғылт ерін далабының үйлесімі. Әрине, басты акцентті ұмытпа — үстіңе «қан» төк.
9. Миа Уоллес – «Pulp Fiction»
@___mervey fav wasted make-up look #pulpfiction #miawallace #tarantino #vintage #retro #babybangs #fakeblood #classics #cultmovie #makeup #maleuptransformation #halloweenmakeup #80s #90s #miawallacemakeup #caterpillar #evildead #anthonyhopkins #movieposter #killbill #corpsebride #cultmovie #timburton #alexdelarge #onceuponatimeinhollywood #umathurman #aliceinwonderland #alice #umathurman #quentintarantino #tarantino #lewiscarroll #disney ♬ oblivion - kitana
Егер қандай образ таңдарыңды білмей тұрсаң, ең ұтымды нұсқа — Миа Уоллес. Ол үшін қысқа боб шаш үлгісін тағып ал немесе өз шашыңды солай өріп сәнде. Бетке табиғи тон жағу, көзге қара сүрме мен сәл қою бояу жақ, ал ерінге ашық қызыл далап жағу жеткілікті. Образды шынайырақ көрсету үшін, танауыңның жанына аздап қызыл бояу жағып, оның қан аққан мұрнын бейнелеуге болады.
10. Глэдис апай – «Weapons»
@pumpkinqveen We know this diva 💅 #makeup #weapons #spooky #horror #halloween #gladys ♬ Tonight You Belong to Me - Dottie Evans & Audrey Marsh
«Weapons» фильмі биыл ғана жарық көрді, сондықтан биылғы Хэллоуинде Глэйдс образы ерекше өзекті болмақ. Оның үрей тудырған бейнесін жасау үшін жарқыраған көгілдір бояу, қою қастары мен сәл жайылған қызыл далап таңда. Қорқынышты күлкіңді жаттықтырсаң болғаны.
Фото: Instagram
Дереккөз: Hypebae