Иманбек екінші рет «Грэмми» сыйлығына ұсынылды

Қазақстандағы алғашқы «Грэмми» сыйлығының иегері атанған Иманбек Зейкенов Latin Grammy сыйлығына ұсынылып отыр.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 19 сентября 2025, 12:09
Иманбек Грэмми
Instagram: @imanbekmusic

Бұл жолы Иманбектің «Ella Quiere Techno» туындысы әнші Taichu-мен бірге «Best Latin Electronic Music Performance» («Латын электронды музыкасының үздік орындалуы») санатында номинант атанды.

Аталған номинацияға тағы төрт ән ұсынылған: Orión (Sistek Remix), Qqqq, Rulay En Dubai және Veneka.

Айта кетейік, музыкалық сыйлық иегерлерін анықтайтын финалдық дауыс беру 1 қазанда басталады. Ал «Латын Грэмми-2025» марапаттау рәсімі 2025 жылғы 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді.

Желі қолданушылары жаңалыққа қуана пікір білдірді: «Иманбек жарайсың! Сіз үшін өте қуаныштымын!», «Грэмми алуға тілектеспіз», «Тамаша жаңалық!», «Керемет», «Иманбек, күшті! Құттықтаймын! Жеңіс тілеймін», «Сәттілік».


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше