Жекпе-жекте Ибрагимова британ спортшысы Элисон Глинмен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен айқын жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтардан-ақ тізгінді өз қолына алып, жекпе-жек соңына дейін басымдығын сақтап қалды.
Осылайша, Ибрагимова әлем чемпионатының ширек финалына шығып, турнирдің жүлделері үшін күресін жалғастырады.
Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасының тағы бір өкілі Наталья Богданова Ливерпульдегі әлем чемпионатын сәтті бастады.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз 1/8 финалда үндістандық боксшы Санамача Чокчоммен кездесіп, алғашқы раундтан бастап өз басымдығын көрсетті. Ол қарсыласын нокдаунға жіберіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Енді Наталья ширек финалда өнер көрсетпек.
Фото: Instagram