Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концертіне билеттер 8 минутта сатылып кетті

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары әр елдегі жаңа концертін асыға күтеді. Бұл жолы Мексикада өтетін шоуға билеттер аз уақыт ішінде сатылып, рекордты жаңартты.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 09 октября 2025, 11:53
Димаш Құдайберген
Instagram: @kudaibergenov.dimash

Бұл жаңалықты Димаштың өзі Instagram парақшасында жариялады. Ол алдағы концертіне дайындықтың аяқталғанын айтып, көрермендеріне алғыс білдірді.

«Дайындық аяқталды. Жарық сөнеді... Менің бойымды алғыс сезімі кернейді. Бірінші концерттің билеттері небәрі 40 минутта сатылып кетті. Біз қосымша концерт қостық — оған бар болғаны 8 минутта билеттер сатылып кетті. Мексика, сен менің барлық арманымнан да асып түстің. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша арғы күні жаңа аренада тағы кездесеміз. Бұл жай ғана концерт емес... Бұл – дыбыс, жарық және сүйіспеншілікпен жазылған біздің ортақ тарихымыз. Энергияларыңызға, сенімдеріңізге және шексіз сүйіспеншіліктеріңізге рақмет. Рақмет, Мексика», –

деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Димаш 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында да жеке ән кешін өткізген болатын.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше