Абзал Құспан журналист Ербол Сейілханның YouTube-арнасына берген сұхбатында Қазақстанда көп әйел алуды заңдастыру қажет екенін айтқан еді.
Оның пікірінше, елде ауқатты ер азаматтардың арасында бірнеше әйелмен тұратындар бар, кейбірінің тіпті беске дейін жары бар. Депутат көп әйел алу заңмен тыйым салынғанымен, ол үшін ешқандай жауапкершілік қарастырылмағанын атап өтті.
Бұл мәлімдемеге жауап ретінде Баян Алагөзова әйелдерге де бірнеше күйеуге шығуға мүмкіндік беруді ұсынды.
«Онда мен де ұсынар едім — көп ер адаммен некеге отыруға рұқсат берейік! Ерлерге болады да, әйелдерге болмай ма? Бізде зайырлы мемлекет заңы бойынша теңдік бар. Билік өкілдері шариғат заңы бойынша өмір сүруді ұсынса, мұны қалай түсінуге болады?», –
деп жазды ол.
Фото: Instagram