«Көркем (синхронды) жүзу» дисциплинасы бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы финал алдындағы кезеңде көш бастап тұр. Біздің спортшылар алты алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы топтық еркін және техникалық бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, екі бағдарламада да алтын медаль иеленді.
Ерлер арасындағы жарыстарда Виктор Друзин еркін және техникалық соло бағдарламаларында жеңімпаз атанды.
Ал әйелдер арасында Карина Магрупова керемет өнер көрсетіп, еркін және техникалық соло бағдарламаларында екі алтын медаль еншіледі.
Техникалық микс-дуэт бағдарламасында Эдуард Ким мен Карина Магрупова күміс жүлдегер атанды.
Техникалық бағдарламадағы дуэт жарысында Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкин қола медаль иеленді. Сонымен қатар еркін микс-дуэт бағдарламасында Виктор Друзин мен Наргиза Болатова үшінші орын алды.
Бұған дейін қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында жалпы 10 медаль жеңіп алған болатын. Осылайша төрт спорт түрі бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 19 медаль бар.
ҚР ұлттық құрамасы Азияның 29 мемлекеті арасында екінші орынға жайғасты, алғашқы орында — Қытай спортшылары.
Фото: Instagram