«Аватар» қазақ тіліне аударылды

от Мария Захарова
Опубликовано: 26 сентября 2022, 15:21
«Аватар»

16 желтоқсанда кинотеатрлардың экрандарында қазақ тіліне дубляждалған «Аватар: Су жолы» көрсетілетін болады. 

«Аватар» фильмі қазақ тіліне аударылды. 25 қыркүйектен бастап оны кинотеатрларда көрсете бастайды деп хабарлады еліміздің мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында.

«Онжылдықтағы ең көрнекті фильм болады деп күтілетін "Аватар: Су жолы" екінші эпизодын аудару жүзеге асты. Оның тұсаукесері 16 желтоқсанда орын алмақ. Қазақстандық дубляж тобы фильм мәтінін қазақ тіліне аудару, оны локализациялау және дыбыстау бойынша сапалы жұмыс жүргізді»,

деді министр.

 «Аватар: Су жолы» фильмінің қазақ тіліндегі трейлері ұсынылған болатын.

https://www.youtube.com/watch?v=0G652YszTsw

Сонымен қатар, мәдениет және спорт министрлігі «Интервидео» компаниясымен бірлесіп, 10 қарашада әлемдік экрандарға шығатын Marvel студиясының «Қара пантера: Ваканда мәңгі» фильмін қазақ тіліне аударатын болады.


Фото: IMDb

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше