Бұл айда мерекелік демалыс күндер қарастырылмаған.
eGov сайтында жарияланған Қазақстан Республикасындағы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылдың ақпан айында қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасы кезінде 8 күн демалады.
Айта кетейік, алдағы айда мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан барлық демалыс күндері сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді. Осылайша, 2026 жылдың ақпан айы демалыс күндерінің саны ең аз болатын айлардың қатарына кіреді. Мұндай жағдай сәуір, маусым және шілде айларында да байқалады. Ал қалған айларда демалыс күндерінің саны көбірек болады.
eGov деректеріне сәйкес, бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екі демалыс күні беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасында — бір демалыс күні. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартқа немесе ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес белгіленеді.
Фото: Pexels