Екінші рет ана атанған Айжұлдыз әлеуметтік желідегі оқырмандарымен тілдесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Желі қолданушысы жас анадан нәрестеге қандай есім қойғанын сұраған.
«Қағаров Санат Сәкенұлы»,
деп жазды ол.
Айжұлдыздың айтуынша, «Санат» есімінің бір мағынасы – үйлесім немесе жарасымдылық.
«Мен оның әрдайым өзімен және әлеммен үйлесімде өмір сүргенін қалаймын. Байқасам, менің айналамдағы адамдардың аты-жөнінде 2 не 4 дауысты әріп бар екен. Бұл жай сәйкестік деп ойламаймын. Өзіңіз ойланып көріңіз: анамның аты – Жанар, ұлым – Назар, жұбайым – Сәкен, енді ұлымыз – Санат», –
деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.
Еске сала кетейік, Айжұлдыз өткен аптада екінші рет ана атанған болатын. Сүйінші жаңалықпен жұбайы Сәкен екеуі инста парақшаларында бөлісті.
Фото: Instagram