Хэллоуинге арналған шаш үлгісі: саған ұнайтын 10 идея

Түрлі-түсті шаш, әдемі бұйралар немесе ерекше әсер беретін қарапайым әшекейлер… Міне, Хэллоуинге арналған назар аударарлық 10 шаш үлгісінің идеясы.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 24 октября 2025, 13:53
Хэллоуинге арналған шаш үлгісі
Instagram: @vividlyliv

Хэллоуин — жыл бойы батылың бармаған ең ерекше бет бояуын, маникюр мен шаш үлгісін сынап көретін тамаша сәт. Алайда, жыл сайын ерекше шаш үлгісін ойлап табу оңай емес. Дегенмен, бейнеңді айқындайтын креативті нұсқалар өте көп.

Нағыз Хэллоуинге лайық шаш үлгісінің басты құпиясы — әшекейлерде! Қол және бас сүйегі, өрмекші не асқабақ пішініндегі шаш қыстырғыштар арқылы қиялыңа ерік бер. Немесе, назардан тыс қалмайтын кешкі бейне үшін біз ұсынған 10 ерекше шаш үлгісінің бірін таңда.

Оңай әрі жылдам Хэллоуин шаш үлгісі: өз қолыңмен жасауға болатын идеялар

Біздің мақсатымыз — қарапайым, жылдам әрі әсерлі шаш үлгісі. Себебі 31 қазан айна алдында сағаттап отыруға уақыт жоқ. Бірақ бірнеше минут пен аздаған қиялдың арқасында Хэллоуинге лайық шаш үлгісін еш қиындықсыз жасауға болады.

Танымал кейіпкерлерден шабыт алған Хэллоуин шаш үлгілері

Бәрімізге таныс кино және мульткейіпкерлер — Хэллоуин бейнелері үшін сарқылмас шабыт көзі. Биылғы трендтер — әлеуметтік желілерде кең тараған, оңай танылатын әрі қайталауға жеңіл бейнелер. Мысалы, Дженна Ортега қайта жандандырған Уэнсдей Аддамстың өрімдері, Марго Робби сомдаған Харли Квиннің екі түсті құйрықшалары. Мұндай танымал бейнелерден шабыт алған шаш үлгілері толық костюмсіз-ақ өзгеруге мүмкіндік береді — қарапайым әрі әсерлі шешім!

Хэллоуин шаш үлгісін айқындайтын әшекейлер

Хэллоуинге арналған шаш үлгісін мінсіз ететін басты бөлшек — әшекейлер. Кейде олар бүкіл бейнені толықтырып тұрады. Өрмекші түріндегі қыстырғыштар, асқабақ пішінді әшекейлер, қол сүйектері немесе қара барқыт таспалар — мұның бәрі классикалық шаш үлгісіне қорқынышты әсер береді. Осындай ұсақ детальдар қарапайым сырт бейнеңді өзгеше әрі әсерлі етеді.

Біз ұсынған Хэллоуин шаш үлгісіне арналған 10 идея

Қорқынышты scarecrow шаш үлгісі

Хэллоуинге арналған шаш үлгісі: саған ұнайтын 30 идея
Instagram: @beautylaunchpad

Ақ өрім

Хэллоуинге арналған шаш үлгісі: саған ұнайтын 30 идея
Instagram: @kirbymakrevski.hairstylist

Төменге буып жасалған шаш үлгісі

Хэллоуинге арналған шаш үлгісі: саған ұнайтын 30 идея
Instagram: @ghdhair

Классикалық өрімдер

Хэллоуинге арналған шаш үлгісі: саған ұнайтын 30 идея
Instagram: @catchies

Түрлі-түсті өрімдер

Хэллоуинге арналған шаш үлгісі: саған ұнайтын 30 идея
Instagram: @liz.colors

Мүйіз түріндегі шаш үлгісі

Хэллоуинге арналған шаш үлгісі: саған ұнайтын 30 идея
Instagram: @ninalarsenofficial

Өрмекші пішініндегі өрім

Хэллоуинге арналған шаш үлгісі: саған ұнайтын 30 идея
Instagram: @heavymetalhairsalon_

Өрім мен әшекейлер үйлесімі

Хэллоуинге арналған шаш үлгісі: саған ұнайтын 30 идея
Instagram: @yukalinana/@ymbook

Асқабақ түстес бояу

Хэллоуинге арналған шаш үлгісі: саған ұнайтын 30 идея
Instagram: @amethystylist

Өрімдер мен таспа

Хэллоуинге арналған шаш үлгісі: саған ұнайтын 30 идея
Instagram: @lettileipuri

Фото: Instagram

Дереккөз: ELLE

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше