«Ұят болады»: жеке шекараңды қай жерден бастайсың?
«Ата-анаң ғой», «жұрт не дейді?», «қыз балаға жараспайды» — таныс сөздер ме?
«Ұят болады» деген екі сөздің ішінде қанша өмір сүріп келеміз?
Қайда оқу керек.Қашан тұрмысқа шығу керек.Қашан бала туу керек.Не кию керек.Кіммен кездесуге болады.Қарым-қатынасты қашан тоқтату керек.Кейде өз қалауымыз деп жүрген таңдауымыздың артында «жұрт не дейді?» деген қорқыныш тұруы мүмкін.Ал егер ешкім бізді сынамаса, таңдауымыз өзгерер ме еді?
Бақылау әрқашан үлкен нәрседен басталмайды
Кейде ол «ұят болады», «қыз бала бұлай істемейді», «үлкендердің сөзін тыңда» деген сөздерден басталады.Осындай сөздер қайталана берсе, адам бір сәтте «Менің бұған құқығым бар ма?» деп өз таңдауына күмәндана бастайды.Ал өз даусыңды естірту қиын болған жерде жеке шекараңды қорғау да қиындай түседі.
Қазақстанда «ұят» түсінігі кейде адамды басынан өткен жағдай туралы үндемеуге де мәжбүр етеді
«Отбасыңды ұятқа қалдырма».«Елге жария қылма».«Өз арамызда шешейік».«Шыда, бәрі өтеді».Әсіресе зорлық жағдайында мұндай сөздер адамның көмек сұрауына және болған жағдай туралы айтуына кедергі болуы мүмкін.
Соңғы жылдары Қазақстанда #IAmJaneDoe сияқты бастамалар бұл үнсіздікті бұзуға мүмкіндік берді
Әртүрлі жастағы және ортадағы әйелдер өз оқиғаларын ашық айтып, «мен жалғыз емеспін» деген сезім қалыптастырды.Бұл әңгімелер зорлық мәселесінің ауқымын да көрсетті. Құрбандардың арасында балалардың болуы, ал зорлық жасағандардың көп жағдайда бөтен емес, жақын адамдар — әкелер, ағалар, аталар және басқа туыстар болуы мәселенің қаншалықты ауыр екенін көрсетті.«Отбасының абыройы» ешқашан баланың қауіпсіздігінен жоғары тұрмауы керек.
Жеке шекара дәл осы жерден басталады
«Бұл туралы бәріне айтуға міндеттімін бе?»«Менің жеке өмірім неге өзгелердің талқысында болуы керек?»«Менің таңдауым біреуге ұнамауы — оны өзгертуім керек деген сөз бе?»Жоқ.Шекара қою — адамдардан алыстау емес. Бұл — өз өміріңе, денеңе және таңдауыңа қатысты шешімдерді өзің қабылдауға құқығың бар екенін түсіну.
«Жоқ» деу — әдепсіздік емес
«Бұл сұраққа жауап бергім келмейді».«Бұл — менің жеке өмірім».«Мен мұны өзім шешемін».«Сенің пікіріңді құрметтеймін, бірақ таңдауым басқа».Ал зорлық туралы айтсақ, көмек сұрау — ұят емес.«Ұят болады» деген сөз ешқашан сенің қауіпсіздігіңнен маңызды болмауы керек.
Фото: Tartaria Films, 567 Cinema