Мұндай қадамның салдары жылдар бойы өміріңе теріс әсер етіп, көңіл қалу мен үміттің күйреуіне әкелуі мүмкін.
Бұл мақала үрей тудыру үшін емес, өз сезімдерің мен таңдауыңа шынайы баға беруге көмектесу үшін жазылған.
1. Тұрмысқа шығуға басты себеп – «уақыт өтіп барады» деген қорқыныш
Егер шешімің махаббаттан емес, «бәрі отбасылы болып кетті, мен де үлгеруім керек» деген уайымнан туындаса, бұл — асығыстықтың белгісі. Қоғамның талабына сай болу немесе «жалғыз қалмау» үшін өз ішкі мәселелеріңді шешудің орнына тұрмысқа шығу — өз бақытыңа тосқауыл қоюмен тең.
2. Ер адамның мінез-құлқын туыстарың мен достарыңның алдында үнемі ақтап жүрдің
Егер сен оның дөрекілігін «оның мінезі сондай» деп, ал салқын мінезін «жұмыстан шаршаған» деп түсіндірсең — бір нәрсе дұрыс емес. Шынайы, сау қарым-қатынаста екінші жартыңды үнемі басқалардың алдында қорғаудың қажеті болмайды.
3. Сен неке туралы емес, той туралы көбірек ойладың
Егер сенің бар назарың мен қуанышың әдемі той ұйымдастыруға бағытталып, ал болашақ өмір, ортақ бюджет, жауапкершілік пен отбасылық міндеттер жайлы ой кейінге шегерілсе — сен асығыс шешім қабылдадың.
Той – бір күндік мереке, ал неке – күн сайын еңбекті талап ететін серіктестік. Егер гүл лақтырғаннан кейін «енді не болады?» деген ой туса, демек, сен некенің мәнін түсініп үлгермегенсің.
4. «Қызыл белгілерді» (red flags) байқап тұрып, елемедің
Егер ол жиі қызғаншақтық танытып, сенің пікіріңді елемей, ашуланып немесе ақша мәселесінде ашық болмағанын көрсең, бірақ бәріне көз жұма қарасаң — өзіңді алдадың. Кішкентай мәселелер уақыт өте үлкен проблемаларға айналады.
5. Өмірлік маңызды құндылықтарыңнан бас тарттың
Компромисс – екі тараптың да өзара келісімі. Бірақ егер сен өзіңнің армандарың мен қағидаларыңнан тек некеге тұру үшін бас тартсаң, болашақтағы бақытты өміріңнің іргетасын әлсіреткенің. Мысалы, өз мансабыңнан, қалауыңнан немесе еркіндігіңнен бас тарту – ұзақ мерзімді өкінішке алып келуі мүмкін.
6. Достарың мен туыстарың тұрмысқа шықпауға көндіргісі келді
Сені жақсы көретін және шынайы тілектес адамдар «ойлан» деді ме, ал сен олардың сөзін елемедің бе? Иә, соңғы шешім өзіңде, бірақ егер барлық сенімді адамдарың бірауыздан сол ер адамнан қауіп көрсе, сәл кідіріп, жақсылап ойланып алған жөн.
7. Ер адаммен ортақ болашағыңды елестете алмайсың
Болашақ туралы сөйлескенде ол әңгімені басқа тақырыпқа бұра ма, әлде үндемей қоя сала ма? Егер ол жауапкершіліктен жалтарса немесе жоспар құрудан қашса — отбасын құруға дайын болмағаны.
Егер сен болашақ балаларыңның әкесі ретінде осындай адамды таңдағаныңды түсінсең, өзіңмен шынайы болуға тура келеді. Өмірлік бағыттарың үйлеспеген неке алғашқы қиындықта-ақ шайқалады.
Фото: Pexels
Дереккөз: HEROINE