Айжұлдыз Instagram парақшасында жұбайының өзіне аяқ киімін кигізіп, аяғынан сүйіп жатқан сәтін жариялаған.
«Мұндай сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың»,
– деп жазды олар.
Бейнежазбаға пікір қалдырғандар екіге бөлінді. Бірі: «Жанар Айжановаға осы көрініс ұнайтын сияқты ма?!», «Міне, нағыз жігіт!», «Күшті, ұзағынан болсын!», – деп сүйсінсе, енді бір бөлігі: «Өзінің туған анасын осылай сыйлай ма екен?», «Ерсі, ұят», «Әйелімізді бәріміз қадірлейміз, бірақ шектен шықпау керек», «Құдай сақтасын бұндайдан», – деп сынады.
Айта кетейік, бұған дейін Айжұлдыз бен Сәкен гендер-пати өткізген болатын. Мамыр айында жас жұбайлар шаңырақ көтерген еді.
Фото: Instagram