Сабина Алтынбекова Қазақстан құрамасына қайта оралды

Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова енді ел ішінде мансабын жалғастырады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 02 сентября 2025, 11:50
Сабина Алтынбекова
Instagram: @altynbekova_20/@vc_astana

28 жастағы спортшы 1 қыркүйектен бастап «Астана» клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы Алтынбекова да, волейбол клубы да өздерінің Instagram парақшаларында мәлімдеді.

Сабина Алтынбекова 2015 жылы Тайпейде өткен Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы сапында өнер көрсетіп, ойын мәнерімен қатар сымбатымен де көпшіліктің назарын аударған болатын. Ол ел ішінде «Алматы» волейбол клубында ойнады, кейін Жапония, БАӘ және Индонезия клубтарында кәсіби мансабын жалғастырды. «Аль-Васл» клубының сапында Араб лигасының чемпионы атанды.

Спорттан тыс өмірі де көпшілікті қызықтырды. 2020 жылы тұрмысқа шығып, ана атанған Алтынбекова 2025 жылдың басында ажырасқанын мәлімдеді. Енді спортшы жаңа кезеңге қадам басып, туған елінің чемпионатында өнер көрсетпек.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше