Қазақ әйелдер хип-хопының жаңа үні: NII, Liili және Dilbara

OYU Live музыкалық жобасының жаңа шығарылымында қазақстандық сахнаның үш жарқын өкілі — NII, Liili және Dilbara өнер көрсетті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 31 августа 2026, 13:32
NII, Liili және Dilbara
Instagram: @oyu.live

Талантты қыздар тыңдарманға «WOW» композициясын live форматында ұсынды. Тректе динамикалық хип-хоп пен заманауи поп-музыканың элементтері үйлесіп, әннің атмосферасын әсерлі хореография толықтырады. Әртістер композицияны жанды дауыста орындап, өздерінің вокалдық мүмкіндіктерін көрсетті.

Жаңа шығарылымның ерекшелігі — әр орындаушының өзіндік музыкалық стилінің бір композиция аясында тоғысуы. Бұл «WOW» трегіне түрлі жанрлық реңк беріп, қойылымды заманауи әрі динамикалық форматта ұсынуға мүмкіндік берген.

OYU Live — Орталық Азиядағы жас әрі танымал орындаушылардың шығармашылығын кең аудиторияға таныстыратын музыкалық жоба. Платформа арқылы өңір сахнасындағы жаңа есімдер мен түрлі музыкалық бағыттар көрсетіліп келеді.

NII, Liili және Dilbara қатысқан жаңа шығарылым да Орталық Азия музыкасының жанрлық әртүрлілігін танытып, қазақстандық арулардың шығармашылық жұмысына назар аудартады.

Орындаушылардың бірлескен өнер көрсетуінен жаияланған үзінді әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Видеоның қаралымы 2 миллионға жуықтап, мыңдаған пікір жиналды.

«Өте керемет, қыздар!», «Мынау қандай стиль?!», «Рэп қыздарға арналмаған десе, осы рилсті көрсетемін», «Құдайым-ау, қыздар!Мен сендердің фанаттарыңмын!», «Қазақша стиль» — деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше