«Қайрат» пен «Реалдың» матчына Алматыға қанша шетелдік турист келеді?

Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылғы 2 қыркүйекте алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасына шығуына қатысты өз ойымен бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 02 сентября 2025, 15:20
Қайрат Реал
Instagram: @f.c.kairat

Министр алдағы мадридтік «Реалмен» өтетін кездесуді «оқиғалық туризм» деп атады.

«Бұған дейін де түрлі шаралар өткізілді, соның нәтижесінде инфрақұрылымымыз мұндай деңгейдегі жарыстарды өткізуге дайын екенін көрсеттік. Оның үстіне ең мықты клубтардың бірі – «Реал» келмек. УЕФА тарапынан да арнайы квоталар бар»,

деді Мырзабосынов.

Оның айтуынша, «Реалға» қарсы матчқа шамамен 4-5 мың шетелдік туристің келуі күтілуде.

«Бүгінгі күні футболымыз қарқын алып келеді, инфрақұрылым барлық стандартқа сай. Стадион УЕФА бағасы бойынша төртінші санатқа сәйкес. Көріп отырғандарыңыздай, спорт халықты біріктіріп, оларға үміт сыйлайды. Бұл басқа спорт түрлеріне де серпін береді. Егер біз әлемдік тәжірибені тартып, спортшыларымызға инвестиция құйып, академиялар ашсақ, халқымыздың рухы мен спортшыларымыздың мінезі арқылы үлкен жетістіктерге жетеміз»,

деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Чемпиондар лигасының барлық матчтарының күндері белгілі болды. Ең көп күтілетін ойын – 30 қыркүйекте Алматыда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесу.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше