Мадридтен махаббатпен: DJ MADO көзімен ZAMNA-дағы бір күн
Музыка, жаңа ашылымдар, Black Coffee және электронды фестиваль
Әлемдегі ірі электронды музыка фестивальдерінің біріне түсіп, әлемдік деңгейдегі диджейдің тректеріне билеу қандай сезім? Фестивальдің жаһандық серіктесі IQOS-тың шақыруымен жыл сайын әлемнің әр түкпірінде өтетін ZAMNA-ға DJ MADO Мадридке жол тартты және ELLE Kazakhstan үшін сапар күнделігін жазып өтті. Басты кейіпкерлер — музыка, жаңа ашылымдар, Black Coffee және электронды фестиваль.
Таңертең.
Бізді фестивальге шақырып, оның ZAMNA болатынын айтқанда, мен шынымен қуандым. Ол көптен бері менің жеке уишлистімде тұрған. Ал лайнаптан Black Coffee — әлемдік диджейлердің бірін көргенде, «міне, бұл сапар ойлағанымнан да керемет болайын деп тұр» деп түсіндім.
Музыкалық фестивальді екі қырынан көргім келді: электронды музыканы жан-тәнімен сүйетін тыңдарманның және кәсіби маманның көзқарасымен. Сеттерді тыңдап, әртістерді бақылап, олардың көрерменмен қалай жұмыс істейтінін ұғыну. Әрі, әрине, инсайттар алу. Ақыры, басқа диджейлерден үйренетін дүние әрдайым табылады.
Күндіз.
ZAMNA-да маған бәрі ұнады. Ауқым, көрермен, музыка — бәрі өз орнында. Мен бәріне кәсіби қызығушылықпен қарадым: сахна қалай құрылған, әртістер сеттерін қалай құрады, адамдар қалай жауап береді. Диджей қандай тәсілдер қолданады және қай сәтте жұрт белсендірек қимылдай бастайды — соның бәрін түсінуім керек. Қысқасы, демалып жүрсем де, ішкі диджейім үнемі жұмыста.
Бөлек сүйіспеншілік — визуал бөлігі. Жарық, арнайы эффектілер, сценография. Мұның бәрі музыкамен синхрондалғанда әсер мүлде басқа. Әсіресе басс денеңмен тұтас сезілген сәтте. Үлкен фестивальдерді осы үшін жақсы көремін — музыканы да, көрермен эмоциясын да еселей түсетіні үшін.
Кеш. Сахнаның ар жағында
Кештің ең есте қаларлық сәттерінің бірі бэкстейджде болды. Бұл мен үшін ерекше мезет еді. Black Coffee — өнерін көптен бері қадағалап жүрген музыканттардың бірі. Оның сетін тірідей тыңдағым келді. Сөйтіп мен оның жанында тұрмын, өнерін тыңдап, іштей: «Вау» деп қоямын.
Осындай сәттерде өмірдің қаншалықты күтпеген бұрылыстарға толы екенін айқын сезесің. Өз тірлігіңмен болып, жұмыс істеп, жоспар құрып жүремін дейсің де, бір қарасаң, мақсат пен шындықтың арасы алғашқыдай алшақ емес екен. Жуырда ғана Black Coffee шығармашылығымен танысуды қиялдап жүр едім — ал келесі мезетте оның өнер көрсетуінің бэкстейджінде тұрмын.
Финал.
ZAMNA-дан өзіммен не ала қайттым? Ең әуелі — жаңа жанрларды, қызық әуездер мен өз сеттерімде байқап көргім келетін тәсілдерді аштым.
Ақыры, құлаққаппен тыңдау мен би алаңының қақ ортасында болудың арасы — жер мен көктей. Тірідейде музыка мүлде басқаша қабылданады. Сеттің қалай құрылғанын естисің, көрерменнің реакциясын көресің, бұрын мән бермеген ұсақ-түйек детальдарды байқайсың.
Жалпы, басқа диджейлердің жұмысын бақылаған ұнайды. Бір-бірімізді үнемі тыңдап, қызық шешімдерді түртіп алып, жаңа тректер ашамыз. Осындай фестивальдер үйреншікті музыкалық шеңберден шығып, көкжиегіңді кеңейтудің тамаша мүмкіндігі.
Айтпақшы, бұл сапармен енді үш трек тығыз ассоциацияланады.
My ZAMNA Playlist
1. Jimi Jules, Black Coffee — Trippy Yeah
2. Argy 6amp; 7 Skies — Murda
3. Irada, RAMEEN — Na Na Na
Ал, бәлкім, ең бастысы — Мадридтен өз орнымда екенімді сезініп қайттым. Бұрын армандап келген көп дүние біртіндеп өмірімнің бөлшегіне айналып жатыр. Маған бұл қозғалыс ұнайды: жаңаны сынау, өзіңе биік мақсат қою және оның қайда апарарын көру.