Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қыздарының бірінші туған күнін атап өтті. Сол күні бүлдіршіннің тұсауын кесу рәсімі де ұйымдастырылды.
Динара Сатжан бұл рәсімнің өзі үшін жай ғана дәстүр емес, үлкен мәртебе әрі сенім екенін айтты.
«Рабия — Нұртас әулетіне шуақ болып келді, жылылық пен махаббатын ала келді. Қайрат пен Жұлдыздың балалары көз алдымызда өсіп келеді. Барлығы өнерлі, тәрбиелі, білімді. Мұның артында ата-ананың ғана емес, бүкіл 7 атаның қаны мен жаны тұр. Ата-әженің көрегендігі мен құндылығы балаларға да мирас болып жалғаса бермек», –
деп жазды Динара.
Жұлдыз Әбдікәрімова тележүргізушіден бірнеше ай бұрын қызының тұсауын кесуді өтінгенін.
«Жұлдыз туралы әңгіме бөлек. Ұстамды, парасатты. Маған берген сұқбатында Жұлдыз қыздарының атын Рабия-Сұлтан деп қоюуының себебін де айтқан еді. Рабия махаббатқа бөленіп өскен, әулеттің ұйтқысы болатын бақытты қыз болсын! Қайрат пен Жұлдыздың отбасында осындай қуанышты сәттер көп болсын!», –
деп жазды Динара.
Желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдірді.
«Қадамы оң болсын», «Динара, мен де болашақта немерелерім болса сізге кестірер едім», «Қыздың есімі де қандай әдемі», – деп жазды олар.
Фото: Instagram