ELLE Kazakhstan «Болашақтан спойлер» атты жаңа айдарын іске қосады — бұл бөлімде біз кейіпкер әйелдерден өткеніне көз жүгіртіп, жасы ұлғайған сайын ғана келетін түсініктер туралы айтып беруін сұраймыз. Ешқандай тұрпайы морал жоқ — тек тәжірибе мен сол бір инсайттар, жиырмада білгенде жүйкемізді талай үнемдейтін еді.
Алғашқы қонағымыз — Меруерт Берикова. Төменде — бес нәрсе, оны ол отызында түсінген және жиырма жасында білгісі келген.
01 / Дене туралы
Спортты өміріңізге дәл қазір қосыңыз. Дене айна қағидасымен жұмыс істейді: оған қалай қарасаңыз, солай жауап қайтарады. Кез келген белсенділік — инвестиция, ол артығымен қайтады.Басты ереже — негізге инвестициялау: денсаулық, тері, тіс пен шаш. Бұл – іргетас, оның үстінде қалғанының бәрі тұрады.
02 / Инвестициялар туралы
Ақша шынымен келеді де, кетеді. Бюджетті тағы да аяқасты алынған киім-кешек пен бір сәттік трендтерге шашудың қажеті жоқ. Ресурстарды мынаған жұмсау әлдеқайда орынды: көкжиекті кеңейтетін дүниелерге: жарқын оқиғаларға,сапалы білім мен сапарларға, себебі олар кез келген материалдық заттардан да тереңірек тұлға қалыптастырады.
03 / Жігіттер туралы
Классикалық өмірлік спойлер: басым жағдайда, ол тағы үш адаммен сөйлесіп жүр. Эмоциялық ресурсыңды иллюзияға құртпа — өзіңді сақта.
04 / Баланс туралы
Қыдыр, көңіл көтер де, студенттік өмірден бәрін ал, бірақ тәртіп ешкімнің есінен шықпауы керек: таңертең парықтарға міндетті түрде қатыс. Жарқын жастық пен жауапкершіліктің тепе-теңдігі талай мәселеден арашалайды.
05 / Тірек туралы
Ең бастысы, есте мықтап сақта: сенде әрдайым мен бармын, қалғанының бәрін біз міндетті түрде еңсереміз.
Фото: Instagram