«Болашақтан спойлер»: Медина Жалғасованың 30 жасқа арналған 5 өмірлік сабағы

Адамдарды уақтылы қоя білуден өзгенің үмітінен азат болуға дейін.

от Dara Atzhanova
09 ноября 2026
Instagram: @medinnaya / @lu.concept_store / @isa.maitpas
Instagram: @medinnaya / @lu.concept_store / @isa.maitpas

ELLE Kazakhstan «Болашақтан спойлер» айдарын жалғастырады, онда біз кейіпкер қыздардан өткенге көз жүгіртіп, тәжірибелерімен бөлісуді сұраймыз, сол тәжірибе жастау кезімізде талай жүйкемізді сақтап қалар еді. Құрғақ ақыл үйрету жоқ — тек шынайы инсайттар мен өмірден туған ойлар.

Біздің жаңа қонағымыз — Медина Жалғасова. Төменде — бес нәрсе, ол отызында біліп, жиырма жасында білгенін қатты қалар еді.

01 / Адамдар жайлы

«Болашақтан спойлер»: Медина Жалғасовадан 30 жасқа дейінгі 5 өмірлік сабақ
Instagram: @medinnaya / @lu.concept_store / @isa.maitpas

Адамдарды тек соған бола ұстап жүрме, араларыңда көп жыл өтті деп. Бірге өткізген уақыт, — онда қалуға себеп емес, қазірдің өзінде өзіңді жаман сезінетін жерде. Дер кезінде ойынды тастай білу — өзіңе қамқорлықтың ең жоғарғы көрінісі. Уақтылы кету — өзіңді ең биік дәрежеде аялау.

02 / «Жақсы қыз» жайлы

Бәріне бірдей ұнаудың қажеті жоқ. Қанша жерден бәріне қолайлы болуға тырыссаң да,міндетті түрде біреу табылады, сонда да көңілінен шықпайсың. Бұл — қалыпты нәрсе. Ең бастысы — өзіңе өзің ұнау.

03 / Дедлайндар жайлы

Өмірді «жоспар» бойынша асықпай баста. Жиырмада былай көрінеді: белгілі бір жасқа келгенше чек-парақты міндетті түрде жабу керек сияқты. Тұрмыс, пәтер, мансап, жетістік. Бірақ әркімнің өз қарқыны бар. Кейде өмір күрт бұрылыс жасап, сценарий одан да әсерлі болып шығады.

04 / Батылдық жайлы

Көпірлерді өртеп, бәрін нөлден бастауға қорықпа. Жаңа жұмыс, қарым-қатынас, көшіп-қону немесе имиджді өзгерту — қайта бастауға ешқашан кеш емес. Кейде бір есікті тарс жауып, ақыры көресің, алдыңда қанша басқа есік ашық тұрғанын.

05 / Өзіңді сүю жайлы

Ең қымбаттысы — сен және өзіңнің ішкі күйің. Не қарым-қатынас, не ақша, не өзгенің мақұлдауы мынадай сезімді алмастырмайды: өзіңмен өзің жайлысың. Өзіңді таңдауға үйрен, ішкі дауысыңды естіп, өзгенің үміті үшін өз қалауыңды ешқашан сатпа.

Ең бастысы... Бұлай қатты уайымдай берме. Әлі талай нәрсені бастан өткересің, талай рет ғашық боласың, күйіп қаласың,бәрін қайта бастап, түсінесің, шын мәнінде қандай екеніңді. Бәрі жақсы болады


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше