Блогер Жанабыловтың ісі бойынша әкімшілік бап қылмыстыққа ауыстырылды

Астанадағы сот блогер Ерболат Жанабыловтың ісіне қатысты қаулы шығарды – ол әкімшілік істен қылмыстық іске қайта сараланды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 16 сентября 2025, 11:15
жанабылов
Instagram: @elt6i/@zhanabylov_e

«Сот Ерболат Жаyабыловқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігімен қозғалған іс бойынша өндірісті қылмыстық істің болуына байланысты қысқарту туралы қаулы шығарды. Іс Астана қалалық Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді»,—

деді судья.

Судьяның айтуынша, істің қайта саралануына Жанабыловтың әрекеттерінен заңсыз кәсіпкерліктің белгілерінің табылуы себеп болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Instagram-дағы танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың автокөлік ұтысына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Астана қалалық сотында істің қаралуына байланысты сот отырысы тағайындалғаны хабарланған. Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Ерболат Жанабыловқа лотерея операторы болып табылмайтын тұлға ретінде лотерея өткізді деген айып (ӘҚБтК 445-1-баптың 6-бөлігі) бойынша іс қозғаған.

Кеше Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі де басталды.

Ол Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Ерболатсыз келді.

ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Ойын бизнесі істері комитеті Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істі тоқтатып, екі қылмыстық іс қозғау туралы сотқа өтініш білдірді.

Комитет өкілі Әбдел Балтатегі блогерге ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» және 214-бабы «Заңсыз кәсіпкерлік» бойынша екі қылмыстық іс қозғау қажет екенін алға тартты.

«ҚР ӘҚБтК-нің 742-бабына сәйкес, Эльмира Төлегеноваға қатысты ӘҚБтК-нің 445-бабы бойынша әкімшілік істі тоқтатып, істің материалдарын ҚР ҚК-нің 214-бабы «Заңсыз кәсіпкерлік» және 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық жазаға тартуға негіз бар деп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына беруді сұраймыз»,

— деді Әбдел Балтатегі.

Оның айтуынша, Төлегенова лотерея операторы болып табылмайды, алайда жеке әлеуметтік желідегі парақшаларында ұтыс ойынына қатысуға шақырған.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше