Назым Instagram парақшасында оның күні жағымды сәттермен басталғанын айтты. Ұлы түнгі он екіде алғашқы болып құттықтапты, қызы таңертең сүйіп оятқан, ал үлкен баласы шоколадқа батырылған құлпынай мен шағын сыйлықтар тарту еткен. Алайда көп ұзамай қуаныш орнына таңданыс пайда болған – бұрынғы күйеуі оның үстінен сотқа екі арыз түсірген.
«Бұл “керемет” сыйды таңертең алып үлгеруім үшін олар жедел жеткізу қызметін рәсімдепті. Былтыр біз оның ата-ана құқығынан айыру туралы соттасқан кезде, сот оған сенімхат беруді міндеттеді. Сот шешімімен ол сенімхат берді. Бұл сенімхат бар болғаны он ай ғана күшінде болды, ал тамыз айының соңында ол оны толықтай кері қайтарды. Енді балалардың атына берілген, олардың өз бетінше шетелге шығуға мүмкіндік беретін келісімді де қайтарып жатыр», –
деді Қаһарман.
Назымның айтуынша, бұрынғы күйеуінің әрекеттерінен ол қысым көрсетуді байқайды.
«Ол барлығын мәжбүрлеу үшін, манипуляция жасау үшін істеп отыр. Балаларды өзімен сөйлесуге, мені белгілі бір әрекетке баруға итермелеуге тырысады», –
деді ол.
Назым бұл жағдайды құқықтық үдеріс емес, психологиялық қысым ретінде қабылдайтынын атап өтті.
«Өкінішке қарай, мұндай адамдардан құтылу өте қиын. Бұл шындық. Олар соңына дейін жабысып жүреді... Қысқасы, биыл өзіме не тілеймін? Мені жайыма қалдырсын деп тілеймін», –
деді Қахарман.
Фото: Instagram