Бибісара Асаубаева Үндістандағы алғашқы жеңісінен кейін матчтың үздік ойыншысы атанды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League 2026 турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 11 сентября 2026, 15:10
Асаубаева
Instagram: @bibisarachess

Сондай-ақ, спортшы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Кезекті ойында Асаубаева ресейлік шахматшы Полина Шуваловамен кездесіп, бірінші айналымдағы жеңілісінің қарымтасын қайтарды. Бибісара қарсыласын 3:0 есебімен жеңді.

Бұл — шахматшының биылғы турнирдегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін ол бірнеше ойында тең түсіп, жеңіліске де ұшыраған еді.

Ал Бибісара өнер көрсететін FYERS American Gambits командасы Ganges Grandmasters командасын 13:5 есебімен ойсырата жеңді.

Матч қорытындысы бойынша FYERS American Gambits командасы қазақстандық шахматшыны кездесудің үздік ойыншысы деп таныды.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше