Miss Qazaqstan ресми парақшасында хабарланғандай, Дана Алмасова Бангкокқа ұшып кетті. Дәл осы қалада 19 қарашада 74-ші халықаралық Miss Universe 2025 («Әлем аруы») байқауы басталады.
Негізгі кезеңге дейін қатысушыларды қызу дайындық — жаттығулар, фотосессиялар және финалдық шоуға арналған репетициялар күтеді.
«Кеше біз Дана Алмасованы Бангкокта өтетін Miss Universe 2025 байқауына шығарып салдық. 19 қарашаға дейін Дана тығыз дайындық кезеңінен өтеді — жаттығулар, репетициялар және жарқын оқиғалар. Олардың бәрімен біз осы жерден бөлісетін боламыз », —
деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.
74-ші Miss Universe байқауына әлемнің 125-тен астам елінен арулар қатысады. Ұлттық комитеттің мәліметінше, байқаудың салтанатты ашылу рәсімі ұлттық костюмдер көрсетілімімен басталып, финалдық кезең 21 қарашада өтеді.
Фото: Instagram