Ник Картер Instagram парақшасында жазба жариялап, бойз-бендтің біздің елдегі өнер көрсетуін ешқашан ұмытпайтынын атап өтті.
«Біз алғаш рет Қазақстандамыз, бұдан артықты армандай да алмаймыз. Біз ешқашан ұмытпайтын екі ғажайып концерт үшін сіздерге рахмет»,
– деп жазды Картер.
Ал топтың тағы бір вокалисі Брайан Литтрелл әлеуметтік желіде Астана мен Қазақстанның көрікті жерлерімен бөлісті. Оның жазбасындағы суреттер арасынан еліміздің мемлекеттік туын, «Бәйтерек» монументін, Алтын адамның мүсінін көруге болады.
«Қазақстанда өткізген уақытымыз керемет болды. Қандай жылы қарсы алу! Әлемнің түкпір-түкпірінде осыншама жанкүйерімнің барына ризамын. Музыка – барлығын біріктіретін ғажайып сәуле. Өзімнің есіміммен ағаш отырғыздым, бұл қандай керемет естелік»,
– деп жазды Литтрелл.
Кейін желіде Backstreet Boys мүшелерінің Астанадағы тағы бір видеосы тарады: олардың қолында домбыра, ал Ник Картердің үстінде – шапан.
Айта кетейік, 19 қыркүйекте Backstreet Boys Алматыда концерт өткізді. 21 қыркүйекте топ Астанада өнер көрсетті.
Фото: Instagram