Backstreet Boys Алматыға келді: Оларға бірден тақия кигізді

Атақты поп-топ Backstreet Boys 18 қыркүйек түнде Алматыға ұшып келді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 18 сентября 2025, 11:41
Backstreet Boys Алматы
Instagram: @backstreetboys

Әлеуметтік желі қолданушылары әуежайда түсірілген топтың видеоларымен бөлісіп жатыр.

Видеодан музыканттарға бірден тақия кигізіліп, «Қазақстан» шоколады сыйға тартылғанын көре аламыз.

Еске сала кетейік, концерт 19 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Шоу сағат 20:00-де басталады, бірақ ұйымдастырушылардың айтуынша, көрермендер үшін есік сағат 15:00-де ашылады.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше