Instagram: @ayreeofficial
Қазақстандық әнші AYREE тұрмысқа шығады. Оған күтпеген жерден сүйіктісі ұсыныс жасады және ол өз келісімін берді.
AYREE-дің болашақ жары клипмейкер Нұркен Қасымов. Есте қаларлық оқиғаның бейне жазбасы оның Instagram парақшасында жарияланды.
«Ол «иә» деді»,
деп жазды әншінің сүйіктісі.
Индира Әділбаева, Әли Оқапов, Ақерке Бүркітбай, Динара Сатжан, Аша Матай және отандық шоу-бизнестің басқа да өкілдері жұпты құттықтады.
Оларға әлеуметтік желінің басқа да қолданушылары қосылды.
«Сендерге бақыт тілеймін!», «Қымбаттым, бұл керемет жаңалық, бақытты бол!», «Айри, сендер үшін қуаныштымын», «Нұркен, жарайсың. Мен бұдан жақсы ұсыныс көрген жоқпын. Өмірлерің де осындай романтикаға толы, үйлесімді және әдемі болғанын тілеймін», - деп жазды желіде.
Фото: Instagram