Әнші Тұрлыхановтың отбасындағы жанжал: іс прокурорға жолданды

Алматы қалалық сотында қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс бойынша түсініктеме берілді.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 17 марта 2026, 12:39
Тұрлыханов
Instagram:@rakhat_turlykhanov

Таратылған мәліметке сәйкес, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында Тұрлыхановқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша іс қаралған.

«Хаттамаға сәйкес, Т. үйінде бола тұра жұбайымен жанжал шығарып, оның барысында балағат сөздер айтып, қорқытып, айқайлап, үй ішіндегі тыныштықты бұзған», –

деп хабарлады сотта.

Соттың мәліметінше, ҚР ӘҚБтК-нің 742-бабына сәйкес іс материалдары жәбірленушінің құқық қорғау органдарына жүгінген кездегі дене жарақатын салу туралы бастапқы арызын ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін прокурорға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолданған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2026 жылғы 16 наурызда белгілі әнші Рахат Тұрлыхановтың отбасында кезекті жанжал болғаны белгілі болды. Бұл алғашқы кикілжің емес. 2023 жылғы қазанда ол жұбайын соққыға жыққаны үшін жауапкершілікке тартылған, алайда сот тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатқан. Ал 2024 жылғы қаңтарда Алматы қалалық соты істі қайта қарап, жұбайына қайтадан күш қолданғаны үшін оны 10 тәулікке қамауға алған болатын.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше