Сәкеннің айтуынша, ол өзіне жақын танысына тауар сатқан, алайда арада он ай өтсе де, сатып алушы қарызын қайтармаған. Блогер бұл жайлы Threads желісінде айтты.
«Өте жақын танысыма саттым, содан бері он ай өтті. Еш хабар жоқ. 200 мың теңге болатын. Әрине, бұл аса үлкен сома емес, бірақ мәселе — сенімде», –
деп жазды Сәкен Қағаров.
Блогердің жазбасы желіде қызу талқыланып, оған көптеген оқырмандары қолдау білдірді. Пікір жазғандардың арасында видеографтың қызметінен зардап шеккен басқа адамдар да өз тәжірибесімен бөлісті.
«Бұрын бізден де техника жалдап, ақшасын төлемей кеткен», –
деп жазды бір желі қолданушысы.
«Мен бұл видеографты сыйлайтын едім, тіпті оның курстарын сатып алдым. Өкінішке қарай, тамыз айынан бері байланысқа шықпай қойды. Бар болғаны бес сабақты ғана көре алдым», –
деп қосты тағы бір оқырманы.
Желі қолданушылары Сәкен Қағаровтың ашықтығын бағалап, әділдік орнауын тіледі.
Фото: Instagram