Айнұр Ілиясова Англиядағы саяхатынан алған әсерімен бөлісті

Қазақстандық актриса әрі «MOM’sкий әңгіме» подкасының жүргізушісі Айнұр Ілиясова әлеуметтік желіде Англиядағы демалысынан суреттер жариялады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 15 октября 2025, 11:14
Айнұр Ілиясова
Instagram: @ainur_ilyasova

Айнұр өзінің туған күніне сыйлық жасап, әрдайым баруды армандаған Лондонға сапар шеккенін айтты.

Ол қонақүйдегі және Лондон көшелерінде серуендеген сәттерін көрсетті.

Сондай-ақ Англияның атмосферасын толық сезіну үшін Вудсток атты шағын қалаға да барған.

«Егер мүмкіндік болып, Англияға жол тартсаңыз міндетті түрде кішкентай қалашықтарға кіріп шығыңыздар. Меніңше барлық керемет, айдентика, мәдениет осында. Қаншалықты әсем екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», –

деп бөлісті актриса әсерімен.

Айнұр Оксфорд қаласына да арнайы барып, алған әсерін жазды:

«Бұл мен көрген Оксфорд. Тарихи ғимараттар, студенттер, сарғайған жапырақтар, Бәрі-бәрі әдемі, бәрі жылы, бәрі өмірдің өз ырғағымен тыныстап тұрғандай. Бұл қала асықпайды. Тек тыңдайды, шабыттандырады және саған бір нәрсені еске салады — білім де, сұлулық та, тыныштық та үнсіздікте туады…», –

деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айнұрдың жазбасына жылы пікір қалдырды.

«Сіз әдемі етіп тұрсыз Оксфордты», «Ертегі сияқты», «Расында да өте әдемі, керемет жерлер екен», «Басқа бір ертегідей әлем», «Ғажап!» – деп жазды олар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше