Егер шілде айы аз да болса тыныстап, әр сәттен ләззат алуға мүмкіндік берген болса, 2026 жылдың тамызы өмірімізге ерекше қарқынмен енеді. Алда – толыққанды тұтылулар дәлізі. Бұл – үйреншікті өмір сценарийі көз алдыңда өзгеріп, ескі жағдайлар аяқталып, олардың орнына жаңа мүмкіндіктер келетін кезең.
Айдың басты астрологиялық күнтізбесі
• 7 тамыз – Үлкен әуе тригоны. Харизмаңды көрсетіп, жаңа таныстықтар орнатуға және шабыт табуға қолайлы уақыт.
• 12 тамыз – Арыстан белгісіндегі Күн тұтылуы мен Жаңа ай. Батыл шешімдер қабылдап, үлкен мақсаттар қоюға қолайлы кезең.
• 23 тамыз – Күннің Бикеш белгісіне өтуі. Қарқынды бәсеңдетіп, жұмыс кестесі мен тұрмысты ретке келтіретін уақыт.
• 28 тамыз – Балықтар белгісіндегі Ай тұтылуы мен Толық ай. Ішкі түйсігіңе құлақ асып, қорытынды жасап, қажетсіз дүниелерден арылатын кезең.
Төменде барлық жұлдызнама белгілеріне арналған жұлдыз жорамал:
Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)
Басты кеңес: Көпшіліктің назарынан ләззат ал, бірақ цифрлық детокс жасауды да ұмытпа.
Айдың алғашқы онкүндігі махаббатқа толы әсерлі оқиғалар мен түрлі басқосуларға бай болады. Жақындарыңның көңіліне тимеуге тырыс. 12 тамыздағы тұтылу назарыңды отбасы, үй және тұрмыстық мәселелерге бұрады. Ай соңында жұмыс мерзімдері мен денсаулыққа көңіл бөлу маңызды болады. 28 тамызда үзіліс жасап, толыққанды демалуға мүмкіндік бер.
Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)
Басты кеңес: Жұмыста өз орныңды нық сақта, ал күш-қуатыңды сені шынайы қалпыңда қабылдайтын адамдардың жанында қалпына келтір.
Бұл ай үй, отбасы немесе жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелерге тереңірек үңілуге мәжбүр етеді. Сонымен қатар, 7 тамыздан бастап мансапта сенің беделің мен сенімділігің ерекше маңызды рөл атқарады. Табыстың басты сыры – тепе-теңдік. Жұмыстан қол үзіп, өзіңді ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ адамдармен көбірек уақыт өткіз.
Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)
Басты кеңес: Айдың алғашқы жартысында туған идеяларыңды табыс көзіне айналдыр.
Айдың алғашқы күндері қаржылық және жұмысқа қатысты идеяларды нақты жоспарға айналдыру үшін өте қолайлы. Оның нәтижесін 9 тамызға қарай көресің. Кейін қоғамдық белсенділік пен білім алуға деген қызығушылық артады. 25 тамызға қарай жақындарыңның ортасында тыныштық іздейсің. Ал ай соңында еңбегің лайықты бағаланып, жағымды сыйақыларға ие болуың мүмкін.
Шаян (21 маусым – 22 шілде)
Басты кеңес: Ескі істерді аяқтап, жаңа мүмкіндіктерге жол аш.
Бұл ай табыс пен қоғамдағы мәртебеге қатысты маңызды өзгерістер әкеледі. 12 тамыздағы тұтылу өз құндылығыңды қайта бағалап, серіктестермен жұмысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Айдың соңында жаңа білімге және қызықты қарым-қатынасқа деген қызығушылық артады. Ал 28 тамыз ұзақ уақыттан бері айналысып жүрген жобаңа сәтті нүкте қоюға мүмкіндік береді.
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)
Басты кеңес: Жалғыз әрекет етпей, сенімді оратаңа сүйен.
Бұл айда барлық маңызды оқиғалардың дәл ортасында боласың. 12 тамыздағы тұтылу жеке мақсаттарыңды жаңаша қалыптастырып, дамуыңа қуатты серпін береді. Дегенмен дәл қазір жетістіктің кілті – серіктестік пен командалық жұмыс. Сондықтан қолдаудан бас тартпа. Батыл ұсыныстарды қабылда, ал 23 тамыздан кейін қаржылық нәтижелер мен практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөл.
Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)
Басты кеңес: Жұмыста бәрін бақылауға тырыспай, ішкі өзгерістерді қабылда.
Жеке өміріңде ауқымды өзгерістер пісіп-жетіліп келеді, ал 12 тамыздағы тұтылу соны айқын көрсетеді. Жұмыс мерзімдері мен қаржы мәселесінде асығыстық танытпа. Қазір кідіріс жасау – өз пайдаңа. 23 тамыздан кейін бойыңа жаңа күш-қуат құйылады. Ал 28 тамыз жақын адамыңмен бірге ортақ жетістіктеріңді ерекше атап өтуге тамаша мүмкіндік сыйлайды.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Басты кеңес: Көпшілік ортасында жарқырай біл, бірақ күш-қуатыңды қалпына келтіруге де уақыт бөлуді ұмытпа.
7 тамыздан бастап Шолпан (Венера) сені айналаңның назарын өзіне аударатын тұлғаға айналдырады. Бұл ай ауқымды командалық бастамаларға, көңілді кештерге және әсерлі кездесулерге өте қолайлы. Дегенмен, осы энергияны сарқып алмау үшін арасында оңашаланып, тынығып, күшіңді қалпына келтір. Өзіңді кінәлі сезінбестен еркелетіп, қамқорлық жаса.
Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)
Басты кеңес: Назарды тек стратегиялық жұмыс мақсаттарына аудар.
Бұл – мансаптағы беделің мен кәсіби жетістіктерің үшін жылдың ең маңызды кезеңі. Мерзімдерді байыппен бағалап, шынайы нәтиже әкелетін істерге ғана кіріс. 23 тамыздан кейін қарбалас жұмыс ырғағының орнын рухани жақын адамдармен болатын жағымды кездесулер басады. Ал 28 тамызда жетістіктеріңді кең көлемде атап өтуге мүмкіндік туады.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Басты кеңес: Өз амбицияңды ашық әрі сенімді түрде білдір.
Бұл ай білім алуға, саяхатқа және батыл кәсіби сынақтарға толы болады. Өз құндылықтарыңды кең аудиторияға таныстырып, мансаптық өсудің жаңа сатысына көтерілуге қолайлы кезең. Тек бір нәрсені есте сақта: 28 тамызда қарқыныңды баяулатып, терең тыныс алып, өз жайлылығың мен жақындарыңа көбірек көңіл бөл.
Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)
Басты кеңес: Қаржылық ресурстарыңды ұтымды басқарып, өз біліміңе инвестиция сал.
Бұл кезең жұптық қаржы немесе бизнеске қатысты маңызды шешімдер қабылдауға қолайлы. 12 тамыз ортақ активтерді тиімді қайта ұйымдастырып, міндеттерді дұрыс бөлу жолын көрсетеді. Жұмыс жүктемесі көп болса да, саяхатқа, білім алуға және интеллектуалдық дамуға уақыт тап. Себебі дәл осы бағыттар ең үлкен пайда әкеледі.
Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)
Басты кеңес: Маңызды келісімдерді ресми түрде бекітіп, қарым-қатынастағы «алу мен берудің» тепе-теңдігін сақта.
Бұл ай жеке өмір мен іскерлік байланыстарға ерекше назар аударуға мәжбүр етеді. Егер маңызды келісімдер жасауды немесе ауқымды ортақ жобаларды бастауды жоспарласаң, олардың бәрін міндетті түрде құжат жүзінде рәсімде. Ең бастысы – адалдық пен өзара жауапкершіліктің тең болуы.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)
Басты кеңес: Күнделікті тіршілігіңді жүйелеп, қажет кезде көмек сұраудан тартынба.
Айдың алғашқы жартысында жұмыс кестесін, тұрмысыңды және денсаулығыңды ретке келтіруге көңіл бөл. Жалғыз үлгермесең, достарыңнан қолдау сұраудан қысылма. 23 тамыздан кейін жеке өмірің жаңа сезімдер мен құштарлыққа толы кезеңге аяқ басады. Ал 28 тамыз – сенің белгіңдегі тұтылу күні – ерекше мәнге ие болмақ. Бұл күнді өзіңмен толық үйлесімде, жан тыныштығын сақтай отырып өткізгенің жөн.
Фото: Pexels
Дереккөз: ELLE