Қыркүйек – жаздың қол бұлғап, бірақ махаббаттың әлі де жоғалмайтын айы. Көңілде жылы көрпеге оранып, күн батқан сәтті жалғыз емес, қолыңнан ұстап, сүйікті кофеңді бірге ішетін жанмен қарсы алғың келеді.
Ғаламның меңзеуі бойынша, айдың соңында кейбір жұлдызнама белгілеріне ерекше сезімді бастан кешіру мүмкіндігі беріледі. Оның қай жерде болатыны маңызды емес — көңілді кеште ме, кофеханадағы кезекте ме, әлде сапар барысында ма. Ең бастысы – ол сәтті жіберіп алмау.
Арыстан
Алдағы апта Арыстандар үшін – харизма мен жарқын мінездің нағыз пайдаға асатын кезі. Тек «тәж киіп», ханзада бірден гүл шоқтарымен жүгіріп келеді деп күтпе.
Жұлдыздар көпшілікпен араласуды көбірек кеңес етеді: концерттер, көрмелер, достарыңмен басқосулар – осы айда сенің жаңа мүмкіндіктер аймағың.
Бірақ абай бол: энергия драмаға итермелеуі мүмкін. Жаңа ұнатқан адамың бірден жауап бермесе, Шекспир трагедиясындағыдай монолог айтудың қажеті жоқ. Жай ғана жымиып, оқиғаның табиғи өрбуіне мүмкіндік бер. Сенің сенімділігің мен тартымдылығың өзі-ақ керек адамды тартады.
Бикеш
Қыркүйектің соңында Бикештерге әдеттегі жайлы аймағынан аздап шығуға тура келеді. Жұлдыздар сенің болашақ романың күтпеген жерде басталуы мүмкін деп сыбырлайды: мысалы, іскерлік кездесуде, кітапханада немесе кофе кезегінде. Сондықтан қойын дәптеріңді уақытша шетке қойып, айналаға көбірек қарауды үйрен.
Ұмытпа: сенің басты тартымдылығың – адалдық пен шынайылық. Басқа біреу болып көрінуге тырыспа, өйткені сенің адамың шынайы келбетіңді жақсы көруі керек.
Жұлдыздар тағы да достарыңның кеңесіне құлақ асуды ұсынады: бәлкім, олардың арасында сенің екінші жартыңа лайық адам бар шығар. Оған бірден қарсы шықпа – мүмкін бұл шынымен тағдырлы кездесу болуы ықтимал.
Тауешкі
Қыркүйектің соңында Тауешкілерді күтпеген тосынсый күтіп тұр – махаббат ұзақ жоспарлар мен есептен емес, ең кездейсоқ сәттен келуі мүмкін.
Керекті жан дәлізде саған соғылып қалар немесе лифтте жолығып қалуы ғажап емес. Сондықтан жай ғана босаңсып, кішкене ойнақылыққа мүмкіндік бер.
Жұлдыздардың басты кеңесі – сезімдерді мұздай салқындықтың артына жасырмау. Егер «алдымен қарсы тарап қадам жасасын» деп ойласаң да, өзің бірінші қадам жасап көр. Қазіргі ашықтығың – сенің басты қаруың. Өйткені қыркүйек дәл сол болашақта үлкен маңызға ие болуы мүмкін кездесуді уәде етеді.
Фото: Pexels
Дереккөз: TheGirl