Күз — ерекше уақыт. Жылы кешкі серуендер мен жаңа оқу маусымының басталуына дейін бәрі романтикаға толы болып көрінеді. Айнала қайтадан жанданып, әркім өз арман-мақсатын жүзеге асыруға асығады. Бірақ осы қарбаластың арасында кейбір жандардың жүрек түкпіріндегі ең үлкен тілегі — сол шынайы махаббатты кездестіру.
Егер жаз айларында сүйіктіңді таба алмаған болсаң, уайымдама. Мүмкін дәл осы күз сенің тағдырыңа ерекше адамды алып келер.
Шаян
Бұл су белгісінің өкілдері жазда жылы кездесулерге зәру болған шығар, бірақ бәрі ойдағыдай болмады, ал танысу қосымшалары сенің эмоционалды интеллектің мен эмпатияңа сай адамды таба алмады. Алайда сабыр түбі — сары алтын!
Жақын күндері өміріңе құрбыларың болжап жүрген тағдырлы кездесу келеді. Олар тіпті алдағы бірнеше жылда үйлену тойың болатынын меңзеп жүр (сондықтан асыққан жөн). Жұлдыздар жер немесе от белгісіндегі адамдармен байланыстырады, ал ауа белгілері сені өткінші сезімге шатастырып жіберуі мүмкін.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар күзді толассыз шаруалармен қарсы алмақ: оқу, жұмыс, жөндеу немесе шығармашылық жобалар. Бұл қарбаласта тіпті ұйықтауға уақыт тапшы, ал біреуге көңіл бөлу одан сайын қиын көрінеді. Бірақ уайымдама: жұмбақ жан сені өзі іздеп тауып, тура алдыңнан шығады.
Алғашында сендерді ортақ істер немесе ұрыс-керіс байланыстыруы мүмкін. Бірақ сол кикілжіңнің арқасында сен оның ең жақсы қырларын байқайсың. Яғни, жамандықтан да жақсылық туады.
Балықтар
Мүмкін сен қазірдің өзінде кіммен бірге болғың келетінін білетін шығарсың. Бірақ сенімсіздігің немесе ол адамның басқа қарым-қатынаста болуы сендерді жақындастырмай тұр. Егер саған белгі керек болса, тыңда: оны жіберетін уақыт келді. Өйткені өміріңе жаңа адам енуі үшін бос орын болуы шарт.
Әрине, жүрегіңде онымен отбасы құрып жатқаныңды елестетіп қойғаныңды мойындау қиын. Бірақ тағдырдың өз жоспары бар.
Абырой болғанда, күз түрлі оқиғаларға толы болады, сондықтан жалғыздыққа тап болмайсың. Керісінше, жаңа ортада немесе басқа жерде сенің жүрегіңді жаулап алатын нағыз адамың пайда болуы әбден мүмкін.
Фото: Unsplash
Дереккөз: TheGirl