«Күзгі Нью-Йорк — бөлек махаббат»: Гүлназ Жоланова АҚШ-тан жаңа суреттер жариялады

Отандық фильмдердің жұлдызы, қазақстандық актриса Гүлназ Жоланова Нью-Йоркте түсірілген жарқын фотоларымен әлеуметтік желіде бөлісті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 18 ноября 2025, 11:36
Гүлназ Жоланова АҚШ
Instagram: @zholanova_gulnaz

Актриса Instagram парақшасында АҚШ-та түскен жаңа суреттерді жариялады.

«Күзгі Нью-Йорк — бөлек махаббат», —

деп қысқа ғана сипаттады актриса.

Фотолардан саябақтар мен шағын скверлердің көрінісі, түнгі шамдар жарқыратқан қала, көшелер, дүкендер мен мейрамханалар сынды Нью-Йорктің өзіндік атмосферасы айқын сезіледі.

Бұған дейін актриса 32 жасқа толуын атап өткісі келгенін, алайда жоспар өзгеріп, күйеуі және баласымен бірге АҚШ-та жүргенін айтқан еді.

«Күз келген сайын жоспар өзгереді де, үшеуміз алыс жерден бір шығамыз. Компания сол баяғы, тек соңғы сандар ғана өзгеруде. Шүкір. Ішімдегі кішкентай Гүлназды құшақтап, сүйіп, туған күнімен құттықтаймын. Жақсы көремін. Мақтанамын», —

деп жазған болатын Гүлназ.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше