Көк джинс шалбарды ұмыт: бұл көктемде түрлі-түсті деним трендте

Сәнді реңктер мен пішіндер туралы айтамыз

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 31 марта 2026, 12:23
деним
Instagram: @oliviatps

Кәдімгі көк немесе ашық көк джинс шалбар әркімнің гардеробында бар. Бұл — ыңғайлы әрі стильді образды тез құрастыруға көмектесетін базалық киім. Алайда биылғы көктемде классикалық түстер сәл шегінуге мәжбүр. Сәнге түрлі-түсті деним қайта оралуда. Ол 1960-жылдары аса танымал болған, кейін 1990-жылдары қайта трендке айналды, міне, араға отыз жыл салып, тағы да сахнаға шықты. Кәдімгі

Енді бұл тек батыл жандарға арналған тәжірибе емес, толыққанды сән үрдісі. Бұған дәлел — Burberry-дің көктем-жаз топтамасындағы сары және қызғылт модельдер, Chloé-дағы күлгін, ал Versace-дегі жасыл және қызыл джинс щалбарлар.

Көк джинс шалбарды ұмыт: бұл көктемде түрлі-түсті деним трендте
Instagram: @sofiaboman

Түрлі-түсті деним шалбары гардеробыңа сәтті үйлесуі үшін тек реңкін ғана емес, пішімін де дұрыс таңдау маңызды.

  • Тік пішінді джинстар — ешқашан сәннен шықпайтын база. Олар кез келген дене бітіміне жарасып, бойды визуалды түрде ұзартуға көмектеседі.
  • Кең джинстар бірнеше маусым бойы өз позициясын жоғалтқан жоқ. Еркін әрі жайлы бұл үлгілер кез келген үстіңгі киіммен жақсы үйлеседі — лонгсливтен бастап көлемді свитерлерге дейін. Күнделікті еркін образдар үшін мінсіз таңдау.
  • «Жебе» сызықтары бар модельдер джинс пен классикалық шалбардың үйлесімі секілді көрінеді. Мұндай сызықтар образға жинақылық пен ресмилік береді. Ресми стильді ұнататындар үшін қолайлы.
  • «Банан» үлгісіндегі джинстар сан тұсында кең, төмен қарай тарылатын O-тәрізді пішінімен ерекшеленеді. Бұл көктемнің басты трендтерінің бірі, алайда мұндай фасон денеге қосымша көлем беруі мүмкін екенін ескерген жөн.
  • Клеш үлгісі сан жағы тар болып, тізеден төмен кеңейеді. Бұл пішін силуэтті ұзындау етіп көрсетеді.
  • Скинни джинстар белден бастап тобыққа дейін тығыз жабысып тұрады. Дене бітімін айқындауды қалайтындар үшін жақсы нұсқа.
Көк джинс шалбарды ұмыт: бұл көктемде түрлі-түсті деним трендте
Instagram: @emilisindlev

Матасына келсек, биыл пішінін жақсы сақтайтын тығыз деним немесе құрамында аз мөлшерде эластаны бар жұмсақ мата трендте. Мұндай джинстар қозғалысты шектемейді әрі уақыт өте келе әдемі винтаж әсерін береді.

Ал ең бастысы — түстер. Бұл маусымда нәзік қызғылт, лимон түсті, зәйтүн, лаванда, жалбыз сияқты пастель реңктері назарда. Сонымен қатар күлгін және жасыл түстер палитрасы да сәнде: баклажан, сирень, пурпур, аметист, орман жасылы, ашық жасыл, малахит, изумруд, шөп түстес, фисташка реңктері. Бұдан бөлек, биыл ерекше өзекті саналатын қызғылт сары түс те танымал. Ал егер ашықтық қосқың келсе, бирюза, шартрез, фуксия, қызанақ қызылы мен сары түстерге назар аудар. Тіпті неон реңктер де рұқсат етіледі, бірақ оларды үйлестіру қиынырақ болуы мүмкін.

Декорға келсек, бұл маусымда шектеу жоқ, ең бастысы — мөлшерін білу. Кесте, жылтыр, тастар, аппликациялар, металл түймелер мен шынжырлар — барлығы да орынды қолданылса, образды толықтыра түседі.


Фото: Instagram

Дереккөз: Grazia

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше